Page 2 - salyk
P. 2

1.Тақырып   Салықтардың экономикалық мәні

                  Қарастырылатын сұрақтар:
                  1.1  Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні.
                  1.2  Салықтардың мазмұны.
                  1.3  Салықтардың құқықтық белгілері

                  1.1 Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні
                  Салықтардың  даму  тарихын  мың  жылдықтармен  өлшеуге  болады.Ол  ең
                  алғаш  мемлекет  пен  қоғамның  әр  түрдегі  таптарға  бөлінуімен  бірге  пайда
                  болды.Салық  салудың  қалыпты  теориялық  негіздерінің  пайда  болу  тарихы
                  көне  ғылым  түріне  жатпайды.  Ғылымды  ешқандай  салада  ешкім  өзінше
                  ғылым ретінде мойындамады.Салық теориясының пайда болуына және оның
                  дамуына едәуір ықпал еткен классиктердің тұжырымдамалары, көзқарастары
                  Ресейдегі малық жайлы ғылыми ойдың дамуына да әсерін тигізді. Алғашқы
                  осы саладағы күрделі зерттеулер ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастау
                  алды.  1818  жылы  Н.И.Тургенев  «Салық  теориясының  тәжірибесі»  атты
                  ғылыми  зерттеуінде    салықтар  туралы  мынадай  анықтама  береді:  «Салық
                  мемлекеттің немесе халықтың алға қойған мақсатына жетуі үшін мемлекетке
                  салық  төлейді.  Салықтар  қоғам  немесе  мемлекеттіңөз  мақсаттарына  жетуі
                  үшін  жиналатын  қаражат...  Адамдар  қоғамға  бірігу  арқылы  өкіметке  билік
                  бере  отырып,  оларға  салықтарды  талап  ету  құқығын  қоса  берді»  деп
                  тұжырымдайды.
                       Қазақстандық  белгілі  экономист  Г.М.Қарағұсова:  «Салықтар  деп,  жалпы
                  мемлекеттік       мұқтаждықтардыөтеуге            жұмсалатын         жұмсалатын        және
                  қабылданғанзаң  негізінде  мемлекетке  алынатын  еріксіз  немесе  міндетті
                  алымдарды айтады» дейді.
                      Салықтардың  классикалық  анықтамасына  тоқтала  кетсек,  салықтар  –
                  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің,  жеке  тұлғалардың  мемлекетпен
                  арасындағы  мемлекеттік  орталықтандырылған  қаржы  көздерін  құруға
                  байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын категория.
                  Салықтар  –  тауарлы  өндіріспен  бірге,  қоғамның  топқа  бөлінуімен  және
                  мемлекеттің  пайда  болуымен,  оған  әскер,сот,  қызметкерлер  ұстауға
                  қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
                  Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан
                  ұлттық  табыстың  бір  бөлігін  алу  жөніндегі  өндірістік  қатынастардың  бір
                  бөлігі болып табылатындығында.
                  Салықтың  мәні  мемлекет  өз  пайдасына  ЖІӨ-нің  белгілі  мөлшерін  нақтылы
                  жарна ретінде алып қалады.
                  Салық дегеніміз  – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын,
                  заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
                  Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті
                  салмағы 70 %-ды құрайды.
   1   2   3   4   5   6   7