Page 63 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 63
Шартты белгілер. Жер бетіндегі нысандарды картографи ял ық
бейнелеуде шартты белгілер қолданылады. Планда қолданылатын
жергілікті жердің шартты белгілері, бейнеленетін нысанның негіз гі
келбетіне ұқсас болып келеді. Мысалы, өсімдік жамылғысы және су
айдындары өздерінің табиғи түсіне байланысты боялады, зауыт- ты
түтіні шығып тұрған мұнарамен белгілейді және т.с.с.
Шартты белгілер үш топқа бөлінеді: аудандық (кескін), сызық -
тық және масшт абсыз (32-сурет).
Шартты белгілердің түрлеріне қарай топқа бөлініңдер. Атлас та ғ ы
Қазақстанның физикалық картасы н қарап шығыңдар. Шар т ты
белгілерге мысал келтіріңдер. Ол қандай бейнені білдіреді? Мекте п
ауласыны ң масштабын шығарғанда қандай шартты белгілер д і
қолданар едің?
Аудандық (масштабты) шартты белгілердің көмегімен түсі-
рілетін нысанға ұқсас кескінді табуға болады (орман, көл және т.б.);
сызықтық шартты белгілер арқылы бейнеленетін нысан н ың
ұзындығын түсіруге болады (жолдар, байланыс желісі, өзен және
т.б.). Масштабсыз шартты белгілер арқылы нысанның орналасқан
жері белгіленеді (құдық, карьер, зауыт, мектеп және т.б.).
Түсініктеме шартты белгілер қосымша мәліметтер үшін беріледі.
Адамдар географиялық карталар мен шартты белгілерд і
географиялық нысандарды немесе олардың орналасқан жерін табу
үшін кеңінен қолданады. Бейтаныс жерді бағдарлау және
географиялық нысандарымен танысу үшін карта және шартты
белгілер міндетті түрде: инженерлерге, зерттеушілерге, геологтарға,
агрономдарға, ғалымдарға, әскери қызметкерлерге қажет.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Карталар мен шартты белгілер жіктелуі бойынша қандай топтарға
бөлінеді, атап шығыңдар.
2. Картаны ң құрамдас бөлігі деп нені атаймы з, түсіндіріңдер. Мысал
келтіріңдер және жауаптарыңды талқы лаңдар.
3. Қалай ойлайсыңдар, не себепті шартты белгілер бейнеленетін нысанға
ұқсастау болып келеді?