Page 65 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 65
Шешімі: Масштабтың мөлшерін анықтап аламыз (1 см = 25 км)
және пропорция құрамыз:
1 см – 25 км х = (12 · 25) : 1 = 300 км
12 см – х км
Нақты арақашықтығы 300 км.
→ 1:20 000 000 масштабындағы А және Б нүктелерін ің
арақашықты ғы (экваторда орналасқан) 22,2 см. Осы нүкте лер
арасындағы экватор доғасының бұрыш ын табыңдар.
Шешімі: Бірінші кезекте екі нүктенің арақашықтығын анықтап
аламыз.
1 см – 200 км х = (22,2 · 200) : 1 = 4440 км
22,2 см – х км
Экватордың 1° доғасының ұзындығы 111 км. Экватор доғасының
бұрышы 4440 : 111 = 40°.
II нұсқа. Жер бетіндегі қашықтық және картаның масштабы
беріледі.
Картадағы арақашықтықты табу керек.
Шешудің реттілігі. Бірінші масштабтың мөлшерін анықтай-
мыз, жер бетіндегі қашықтықты масштабтың мөлшеріне бөлеміз де
картадағы қашықтықты табамыз.
→ Жер бетіндегі А және Б нүктелерінің арақашықтығы 3000 км.
Осы арақашықтық масштабы 1:6 000 000 км болатын картада неше
см болады?
Шешімі: Масштабты ң мөлшерін анықтап пропорция құрамыз:
1 см – 60 км х = (1 · 3000) : 60 = 50 см
х см – 3000 км
→ Турист сағатына 6 км жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Тури стің
жүріп өткен жолының қашықтығын масштабы 1:200 000 болатын
картадан табыңдар.
Шешімі: 6 км/сағ · 4 сағ = 24 км.
Масштабтың мөлшерін тауып, пропорция құрамыз:
1 см – 2 км
х = (1 · 24) : 2 = 12 см
х см – 24 км