Page 70 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 70
Географиялық координаттар. (лат. со – бірге, ordinatus – рет-
телген) – Жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты
нүктенің орнын көрсететін мөлшер (34-сурет).
34-сурет. Географиялы қ координаталары көрсетілген глобустың моделі
Географиялық ендік (φ) – жер бетінің кез келген нүктесіне тү-
сірілген тік сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрыш. Эк-
ватор сызығына байланысты оңтүстік және солтүстік ендік деп
ажыратылады. Экватордағы нүкте – 0°-ге тең, полюсте – 90°.
Географиялық бойлық (λ) – бастапқы меридиан жазықтығы мен
берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасын дағы
бұрыш. Бастапқы немесе бас меридианды кейде Гринвич мери-
дианы деп те атаймыз. Бойлық, бас меридианнан экватор немесе
параллель сызықтарының бұрышы арқылы есептелінеді (0°–18 0°
аралығына дейін). Бас меридианнан 180° шығысқа дейін шығыс
бойлық, батысқа қарай батыс бойлық болып есептелінеді.