Page 73 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 73
Сағаттық белдеулер. Жер өз осі арқылы 24 сағатта толық бір
рет айналып шығады. Осы уақыт аралығында 360°-қа бұрылыс жа-
сап, бір тәуліктен кейін барлық меридиандар өздерінің бастап қы
орналасқан орнына қайтып келеді. Бойлықтарға сәйкес тәулік
ішіндегі сағаттың көрсеткіші әртүрлі. Бойлықтардағы уақы тты
анықтау үшін Жер шары сағаттық белдеулерге бөлінген. Бір
сағаттың ішінде Жер өз осі арқылы 15°-қа бұрылады (360°:24=15°).
Осыған байланысты Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінген және
әр сағаттық белдеу 15°-тан тұрады. Белдеу ішінде уақытты барлық
нүктеден ортаңғы меридиан бойынш а есептеуге келісілген.
Бұл уақытты белдеулік сағат деп атайды. Бір меридиан бойын да
орналасқан нүктелердегі уақытты жергілікті уақыт деп атаймыз.