Page 75 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 75

Сағаттық  белдеуді және жергілікті  уақытты  анықтауға
                 арналған  есепті шығарамыз.

                 →  20°  с.е.,  93°  ш.б.  орналасқан  А  нүктесі  қай  сағаттық  бел-
                 деуде  орналасқанын  табуымыз  керек.
                 Шешімі.  Сағаттық  белдеуді  есептегенде  географиялық   ендік
                 есепке  алынбайды.  Нүкте  орналасқан  бойлық  15°-қа  бөлінеді.
                 Егер  де  қалдық  7,5°-тан  аз  болса,  оны  есепке  алмай-  мыз,  бұл
                 жағдайда  тек  қана  бүтін  сан  есепке   алынып,   сол  сан сағаттық
                 белдеу  болып  есептелінеді.  Егер  де қалдық  7,5°-тан артық болса,
                 бүтін  санға  1-ді  қосып,  нақты  сағаттық  белдеуді  анықтаймыз.
                 Бұл  жердегі  А нүктесі,  VI  сағаттық  белдеуде  орналасқан  (93°  :
                 15°  =  6°;  қалдық  3  (0,2  ·  15°).

                 →  координаты  51°  с.е.,  71°  ш.б.  орналасқан  Астана  қаласы-
                 ның  сағаттық  белдеуін  тауып  көрейік.
                 Шешімі.      Жоғарыдағы       берілген    есепке    қарай    отырып
                 есептейміз:  71°  :  15°  = 4°;  қалдық  10,5  (0,7  · 15);  қалдық  7,50-
                 ден артық  болған  соң,  сағаттық  белдеуге  1 санын  қосамыз,  (4 +
                 1 = 5) – V сағаттық  белдеу.


                 →  А,  В,  С  нүктелері  орналасқан  сағаттық  белдеулерді  анық-
                 таймыз  (36-сурет).













                            36-сурет.  А,  В,  С  нүктелерін ің  координаттары
   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80