Page 74 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 74

180°  меридиан  ХII  сағаттық  белдеуде  орналасқан  және  ол  дата
             ауысуының  халықаралық  сызығы  деп  аталады.  Егер  де  осы  сызық
             арқылы  шығыстан  батыс  жартышарға  өтетін  болсақ,  уақыт  бір
             тәулікке  кейін  шегеріледі  (мысалы,  1  қаңтардан  31  желтоқс ан ға
             дейін)  немесе  керісінше  жүреді.  Құрлық  жерде  сағаттық  белдеудің
             шегарасы  нақты  сақтала  бермейді.  Мемлекет  немесе  облыс  ішінде
              уақытты  тиімді  пайдалану  үшін,  олардың  шекарасы  аталған
              әкімшіліктердің  шегарасына  сәйкес  келеді.

                       1924  жылғы  халы қаралық  келісімшарт  бойынш а,  Гринвич  арқы лы
                       өтетін  меридиан  нөлдік  меридианға  теңестірілді  (яғни  XXIV).  Жердің
                       батыстан  шығысқа  қарай  айналуы на  байланысты,  сағаттық  белде у д ің
                       нөмірі  және  жергілікті  уақыт  шығысқа  қарай  арта  береді.

                  Нөлдік  (XXIV)  және  ХII  сағаттық  белдеу  батыс  және  шығы с
              жартыш арда  да  орналасқан.  I–XI  сағаттық  белдеу  тек  қана  шығыс
              жартыш арда,  XIII–X XIII  сағаттық  белдеу  тек  қана  батыс  жар-
              тышарда  орналасқан.  Қазақстан  мемлекеті  IV  және  V  сағаттық
              белдеуде  орналасқан.
   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79