Page 69 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 69

33-сурет.  Градус  торы  (а  – параллельдер,  ә – меридиандар)

                  Барлық  меридиандардың  ұзындығы  бірдей,  ал параллельдер-  дің
             ұзындығы  экватордан          полюстерге  қарай  қысқарады.  Экватор
             сызығы  екі  полюстен  бірдей  қашықтықта  орналасқан.  Эквато рдан
             солтүстікте  орналасқан  кез  келген  нүкте  солтүстік  ендік,  оңтүстікте
             орналасқандары  оңтүстік  ендік  деп  аталады.
                  Теориялық  тұрғыдан  меридиандар  мен  параллельдердің  саны
             өте  көп  болуы  мүмкін,  алайда  географияда  оларды  10°–20°  ин-
             тервалмен  орналастыру  қарастырылған.  Градус  торының  көмегі
             арқылы  картада  кез  келген  нүктенің  ендігі  мен  бойлығын  анықтап,
             олардың  географиялық  орнын  анықтай  аламыз.  Бір  мериди ан
             бойында  орналасқан  барлық  нүктенің  бойлығы  және  бір  параллель
             бойында  орналасқан  барлық  нүктелердің  ендігі  бірдей  болып  келеді.

                         Параллельдер  мен  меридиан дар  алғашқы  географиялық  картала р д ы ң
                       өзінде  сызылған  болатын.  Қазіргі  кезге  дейін  параллель  сызықта р ы
                       түсірілген  Дикеарх  Мессински йдің  (б.з.д.  III  ғасыр)  картасы  сақтау л ы
                       тұр.
                         Алғаш қы  географи ялы қ  карталардың  градус  торында  айырмаш ы лы қ
                       болған  жоқ.  Екеуі  де  түзу  сызықпен  сызылды.  Б.з.д.  II  ғасырда  белгіл і
                       оқымысты  Гиппарх  градус  торына,  градусты  бұрыштарымен  түсір д і.
                       Гиппарх  география  ғылымына  бойлық  және  ендік  деген  ұғымда р д ы
                       енгізді.
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74