Page 66 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 66
Масштабты есептеу. Масштабты есептеу соншалықты қиын
емес, ол үшін картадағы масштабты оқысақ жетіп жатыр. Мыса- лы,
жер бетінде және картада (глобуста, планда) арақашықтық беріледі.
Масштабын анықтау керек.
Шешудің реттілігі: жер бетіндегі қашықтықты картад ағы
қашықтыққа бөлеміз де масштабтың мөлшерін анықтап аламыз .
Оны сандық масштабқа айналдырамыз.
→ Жер бетіндегі А және Б нүктелерінің арақашықтығы 6 600 км.
Бұл нүктелердің картадағы арақашықтығы 11 см. Картаның мас-
штабын табыңдар.
Шешімі: Пропорция құрамыз:
11 см – 6600 км х = (1 · 6600) : 11 = 600 км
1 см – х км
Масштабтың мөлшері – 1 см 600 км, яғни 600 км = 60 000 000 см.
Олай болса, масштаб 1:60 000 000.
→ Глобуста екі полюстің арақашықтығы 40 см. Глобустың мас-
штабын табыңдар.
Шешімі: Екі полюс арасының арақашықтығы шамамен 20000 км
екенін білеміз. Глобустың масштабы 1:50 000 000 (орта масштаб).
Оны қалай шештік:
40 см – 20000 км
х = (1 · 20000) : 40 = 500 км = 50000000 см
1 см – х км
Ауданды есептеу.
→ Ұзындығы 50 км және ені 25 км болатын телімнің ауданы,
2
картаның масштабы 1:2 500 000 болған жағдайда қанша см болады?
Шешімі: Масштабтың мөлшерін тауып аламыз (1 см = 25 км).
Берілген өлшемдерді жеке-жеке масштабтың мөлшеріне бөліп ала-
мыз: 25 : 25 = 1 см және 50 : 25 = 2 см. Картағы ені 1 см және
ұзындығы 2 см болатын телімнің ауданы 1 · 2 = 2 см .
2
→ Ені 3 см және ұзындығы 4 км болатын телімнің нақты ауда-
нын картадағы масштабы 1:50000 болған жағдайда есептеңдер.
Шешімі: Масштабтың мөлшерін анықтап аламыз (1 см = 500 м), енін
есептеп аламыз (500 · 3) = 1500 м · 2000 м = 3 000 000 м 2 немесе 3 км .
2
2000 метр масштаб пен ұзындықты көбейту арқылы шықты (500 · 4).