Page 64 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 64
Қашықтық Масштаб Аудан
Расстояние Масштаб Площадь
Distance Scale Area
Картада қашықтықты анықтау. Картаның масштабын білетін
болсаң, Жер шарындағы кез келген екі нүктенің арақаш ықтығын
табуға болады. Картада міндетті түрде сандық, атау және сызықтық
(графикалық) масштабтар беріледі. Мысал ретінде арақашықты қты
масштабтың көмегімен тауып көрейік.
I нұсқа. Картада (глобуста, планда) масштаб және арақашықты қ
беріледі. Оның жер бетіндегі нақты қашықтығын табу керек.
Шешудің реттілігі. Картада берілген масштабтың мөлше рін
берілген арақашықтыққа көбейтеміз. Нәтижесінде нақты ара-
қашықтығын табамыз.
→ 1:2 500 000 масштабындағы картада А және Б нүктелерін ің
арақашықтығы 12 см. Арақашықтықты қалай есептейміз?