Page 81 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 81

38-сурет.  Материктер  табиғатын  сипаттаудың  реттілігі

            Еуразия материгі  –  Азия  және  Еуропа  бөліктерінен  тұрады.
        Финикиялықтардың  тілімен  айтқанда  «асу»  –  шығыс,  Күн  шығыс
        және  «йереб»  – батыс,  Күн  батыс  деген  мағынаны  білдірген.













            Ауданы  және  географиялық  орны.  Аумағы  жағынан  ең  үлкен
        (54,3  млн  км )  материк.  Төрт  мұхит  суы  жағалауын  шайып  жатыр.
                       2
        Материк  үш  жартышарда  орналасқан.  Басым  бөлігі  солтүстік  және
        шығыс  жартышарларда  орналасқан.  Шеткі  нүктелері:  солтүстігі
        Челюскин  мүйісі  (77°43  с.е.,  104°18  ш.б.);  оңтүстігі  Пиай  мүй ісі
        (1°16  с.е.,  103°30  ш.б.);  батысы  Рока  мүйісі  (38°48  с.е.,  5°36  б.б.);
        шығысы  Дежнев  мүйісі  (66°05  с.е.,  169°40  б.б.).
   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86