Page 84 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 84

Материкте  дүниежүзіндегі  ең  үлкен  ойпат  Амазонка  және  ең  ұзын
             тау  Анд  (9000км)  орналасқан.
                  Климат ы.  Материктің  климатына  экватордың  екі  жағында  ор-
             наласуы,  Анд  таулы  жүйесі,  Атлант  мұхитынан  келетін  ылғал ды
             ауа  массаларының  кедергісіз  өтуі,  жағалаулық  ағыстар  және  т.б.
             басым  әсер  етеді.  Ең  ылғалды  материк.  Амазонка  ойпаты  мен
             Бразилия  таулы  қыратының  шығыс  беткейлерінде  жылына  2000–
             3000  мм  жауын-шаш ын  түседі.  Перу  және  Фолкленд  суық  ағыст ары
             әсер  ететін  жерлерінде  100–250  мм  түседі.  Ауа  темпера-  турас ын да
             үлкен  айырмашылық  жоқ.  Экватор  сызығы  солтүстік  бөлігін ен
             кесіп    өтетіндіктен     климаттық       белдеулерінде      (солтүстік     пен
             оңтүстік  бөлігінде)  айырмашылық  бар.  Экваторлық  климаттық
             белдеу  Амазонка  ойпатының  басым  бөлігін  қамтиды.  Субэкв атор
             белдеуі  экватордың  екі  жағында  да  бар.  Қалған  климаттық  белдеу-
             лер  оңтүстік  бөлігінде  кездеседі.  Тропиктік  климат  –  шығыс ын да
             ылғалды,  батысында  және  орталығында  континентті  болып  екіге
             бөлінеді.  Субтропикалық  климат  –  батысында  жерортатеңізд ік,
             орталығында  континентті,  шығысында  теңіздік  типке  жатады.
             Қоңыржай  климат  –  батысында  теңіздік,  шығысында  континен тті
             тип.  Анд  тауларында  биіктік  белдеу  заңдылығына  сай  таулы
             климат.
                  Ішкі  сулары.  Ылғалды  климат  мол  сулы  және  жиі  өзен  торын
             қалыптастырады.  Анд  тауының  батыс  беткейінен  бастау  алатын
             өзендері  Тынық  мұхит  алабына,  шығыс  беткейінен  басталатын-
             дары  Атлант  мұхиты  алабына  жатады.  Амазонка  өзені  ұзын дығы
             (6400  км)  жағынан  Нілден  кейін  екінші,  суының  молдылығы  және
             алабының  үлкендігі  жағынан  (7  млн  км )  бірінші  орын  алады  (39-
                                                             2
             сурет).
                  Орта  ағысындағы  ені  20  км  болса,  төменгі  ағысында  80  км-      ге
             жетеді.  Атлант  мұхитындағы  судың  толысуы  болған  кезде,  өзенн ің
             құяр  жерінен  кері  қарай  1000  км  дейін  су  кері  ағады  (амазуну  деп
             аталады).  Парана  өзені  (4700  км)  алабының  үлкендігі  жағын ан
             дүниежүзіндегі  алғашқы  бестікке  енеді.  Игуасу  өзенінің  саласын да
             өте  ерекш е  әсем  сарқырама  Игуасу  орналасқан  (биіктігі
             80  м).  Ориноко  өзенінің  саласында  дүниежүзіндегі  ең биік  Ан-  хель
             (1054  м)  сарқырамасы  бар.  Ірі  көлдер  өте  аз.  Маракайбо  (канал
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89