Page 83 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 83

тикалық  шөл  зонасы,  Солтүстік  Мұзды  мұхиттың  аралдарын  және
        материктің  қиыр  солтүстік  жағалауын  қамтиды;  субарктикалық
        белдеуде  –  тундра  және  орманды  тундра  табиғат  зонала ры;
        қоңыржай  белдеуде  –  тайга,  аралас  және  жалпақ  жапырақты  ор-
        ман,  орманды  дала,  дала,  шөлейт  зоналары  кездеседі;  Жерорта
        теңізі  жағалауында  –  субтропиктік  ормандар  мен  бұталар  зонасы;
        Арабия  түбегінде,  Иран  таулы  қыратында,  Орталық  Азияда  және
        Үнді-Ганг  ойпатының  батысында  –  қоңыржай,  субтропиктік  және
        тропиктік  белдеулердің  шөл  зоналары;  Үндістан  және  Үндіқытай
        түбектерінің  орталық  аумақтарында  саванналар;  Азияның  батыс
        жағалауларында  ауыспалы  ылғалды  орман;  Малакка  түбегін де,
        Шри-Ланка       аралында  және  Зонд  архипелагында               –  ылғал ды
        экваторлық  орман  зонасы  кездеседі.
            Оңтүстік Америка батыс  жартышарда  және  басым  бөлігі
        экватордың  оңтүстігінде  орналасқан.  Ауданы  –  18  млн                  км .
                                                                                      2
        Материктің  жағалау  сызығы  көп  тілімделмеген:  Солтүстіг ін де
        Кариб  теңізі,  батысында  –  Тынық  мұхиты,   шығысында    Ат-  лант
        мұхитымен        шектеседі.      Солтүстігінде      Маракайбо,       оңтүстік-
        шығысында  Ла-Плата  шығанақтарын  атап  өтуге  болады.  Жақын
        орналасқан  аралдары:  Отты  Жер,  Фолькленд  (Мальвин),  Галап а-
        гос,  Тринидад,  Кіші  Антиль  және  т.б.
            Шеткі  нүктелері:  солтүстігінде  Гальинас  (12°25  с.е.,  71°35
        б.б.);  оңтүстігінде  Фроуорд  мүйісі  (53°54  о.е.,  71°18  б.б.);  шығы-
        сында  Кабу-Бранку  мүйісі  (70°9  о.е.,  34°46  б.б.);  батыс ын да
        Париньяс  (4°45  о.е.,  81°20  б.б.)
            Геологиялық  құрылысы  мен  жер  бедері.  Негізгі  бөлігі  Оңтүстік-
        Америка  литосфералық  тақтасында  орналасқан.  Шығысын дағы
        Гвиана  және  Бразилия  таулы  қыраттары,  платформаның  әртүрлі
        геологиялық  кезеңдерде  көтерілу  нәтижесінде  пайда  болған.  Ла-
        Плата,  Амазонка  және  Ориноко  ойпаттары  керісінше  майысу дың
        нәтижесінде       пайда      болған.     Батыс     бөлігі    Тынықмұхи тты
        литосфералық  тақтасымен  соқтығысу  зонасында  жатқандықтан
        биік  таулы  болып  келеді.  Бұл  бөлігінде  сейсмикалық  деңгей і
        жоғары  Анд  таулы  жүйесі  орналасқан.
            Мұхит  деңгейінен  орташа  биіктігі  580  м, максимальды  биік  жері
        6960  м  (Аконкагуа  тауы),  төмен  жатқан  жері  Вальдес  түбегі  – 35  м.
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88