Page 82 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 82

Геологиялық  құрылысы  мен  жер  бедері.  Материктің  негізін
             Еуразиялық  литосфералық  тақта  құрайды.  Оның  ежелгі  бөліктері
             Шығыс-Еуропа,  Сібір,  Қытай-Корей,  Оңтүстік-Қытай  платформ а-
             лары.  Кейінірек  ежелгі  Гондвананың  құрамында  болған  Араби я
             және  Үндістан  платформалары  қосылды.
                  Жер  бедерінің  алуан  түрлі  болуы  геологиялық  дамуына  бай-
             ланысты.  Еуропалық  бөлігі  аласа  (теңіз  деңгейінен  есептеген де гі
             орташа  биіктігі  300  м),   Азиялық   бөлігі   биік   (орташа   биіктігі   950
             м).  Еуропаның  ең  биік  жері  4810  м  (Альпі  тауындағы  Мон блан
             шыңы),  Азия  8848  м  (Гималайдағы  Джомолунгма-Эверест).  Тең із
             деңгейінен  ең төмен  орналасқан  жері  Еуропада  – Каспий  теңізі  (–27
             м),  Азияда  –  Өлі  теңіз  (–405  м).
                  Материктің  орталық  және  солтүстік  аймақтарында  жазық  жер-
             лер,  оңтүстігі  мен  шығысында  таулы  жерлер  басым.  Ірі  жазықта ры:
             Шығыс  Еуропа,  Ұлы  Қытай,  Батыс-Сібір,  Тұран,  Үнді-Ганг,  Месо-
             потамия.  Таулы  үстірттері:  Арабия,  Декан,  Анадолы,  Гоби,  Тибет,
             Ортасібір  және  т.б.
                  Климат ы:  Басқа  материктерге  қарағанда  алуан  түрлі  кли-
             матымен  ерекшеленеді.  Себебі:  1) аумағының  өте  үлкен  болуы;
             2)  жер  бедері  күрделі;  3)  орталық  аудандарының  мұхиттардан
             алшақ  жатуы.
                  Солтүстік  жартышардағы  ең  суық  жер  (Оймякон,  –  71°С),
             планетадағы  ылғалдың  ең  көп  түсетін  жері  (Гималай  тауларын ың
             оңтүстік-шығыс  беткейіндегі  Черапунджи  елді  мекенінде,  12000  мм-
             ден  астам)  осы  материкте  орналасқан.  Барлық  климаттық  белдеулер
             кездесетін  жалғыз  материк.  Ең  жоғары  ауа  температурасы  (+54°С)
             және  ылғал  ең  аз  түсетін  жер  Арабия  түбегінде  (Руб-эль-Хали  шөлі
             – 10  мм).
                  Ішкі  сулары.  Климаты  және  жер  бедеріне  байланысты  ішкі  су-
             лары  біркелкі  таралмаған.  Өзендері  төрт  мұхит  алабына  және  ішкі
             тұйық  алапқа  жатады.  Өзен  торының  тығыз  аймақтары  –  Батыс
             Еуропа,  Шығыс  және  Оңтүстік-Ш ығыс  Азия.  Сирек  аймақтары  –
             Орталық  және  Оңтүстік-Батыс  Азия.
                  Табиғат  зоналары.  Аумағының  үлкен  және  климатының  алуан
             түрлілігіне  байланысты  барлық  табиғат  зоналары  кездеседі.  Арк-
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87