Page 85 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 85
39-сурет. Амазонка өзені
арқылы мұхитпен жалғасады), таулы көл Титикака (3812 м биіктікте
орналасқан), Поопо және т.б.
Табиғат зоналары. Ауданының үлкендігі және алуан түрлі-
лігімен ерекшеленетін экваторлық орман («сельва» – португ ал
тілінде « қалың орман») басқа бірде-бір материкте кездеспей д і.
4000-нан астам түрі кездесетін ағаштың ішінде сейба ағашы (биіктігі
80 м), пальма, қауын ағашы, какао, гевея, хин ағашы арасында лиа-
налар көбірек кездеседі. Жануарлардан жалқау маймыл, ягуар,
тапир, капибара, анаконда және т.б. мекендейді. Эквато рлық
орманның солтүстігіндегі қызыл-ферралитті және қызыл-қоң ыр
топырақ тараған саваннаны льянос, оңтүстігіндегі саван н ан ы
кампос деп атайды. Африканың саванналарына қараған да
құрғақтау, сондықтан да өсімдік және жануарлар дүниесін е
кедейлеу. 30°–40° о.е. аралықтарында дала зонасы (пампа) кездесед і.
Топырағы қызыл және қара. Өсімдіктері – бетеге, жабайы тары;
жануарларынан – пампа бұғысы, пампа мысығы, лама; құстардан –
нанду түйеқұсы (страус) және т.б. кездеседі. Матери ктің
оңтүстігінде шөлейт (Патагония) және батысындағы Тынық мұхи т
жағалауында шөл (Атакама) зоналары таралған.