Page 90 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 90

Мұхит  сулары  және  ондағы  тұз  жер  бетіне  Жер  қойнауын ан
             жиналған.  Әсіресе  қалыптаса  бастаған  кезде.  Мұхитқа  өзен  сулары
             да  тұз  алып  келеді  (60%-дан  астамы).  Мұхит  суларындағы  тұздың
             мөлшері  тұрақты.  Тұз  жануарлардың  қаңқасы  мен  қабыршақтарын
             қалыптастырады,  онымен  балдырлар  қоректенеді  және  өлген н ен
             кейін  мұхит  табанына  шөгеді,  сонымен  бірге  тұз  жаңбыр  арқылы
             толығып  отырады.
                 Су  бетіндегі  тұздылықтың  таралуы  атмосфералық                  жауын-
              шашынның  мөлшеріне  және  булануына  байланысты  зоналық
              заңдылыққа  тәуелділігі  байқалады.  Тұздылықтың  азаюына  өзен
              сулары  және  еріген  мұзтаулар  (айсберг)  әсер  етеді.  Экваторлық  бел-
              деуде  жауын-ш ашынның  мөлшері  көп  болғандықтан  салыстырм а-
              лы  түрде  тұздылығы  төмен  (34‰).  Тропиктік  белдеуде  керісін ш е
              жауын-ш ашын  аз,  буланушылық  жоғары,  сондықтан  да  тұздылығ ы
              ең жоғары  белдеу  (36‰).  Полярлық  белдеулердегі  тұздылықтың   аз
              болуы  буланушылықтың  аздығына  және  мұздықтардың  еруін е
              байланысты  (33‰).
                  Мұхиттық  ағыстар  және  ірі  өзен  сулары  тұздылықтың  зоналық
             таралуына  кедергі  жасайды.  Карта  бетінде  тұздылығы  бірдей
             жерлерді  изогали  сызығы  арқылы  біріктіреді.  Ең  жоғарғы  тұздылық
             Қызыл  теңізінде  байқалады  (42‰).


                      →  Судың  тұздылығын  анықтаймыз.  Егер  де  25  литр  судан
                      800  г тұз  алған  жағдайда.
                      Шешімі.  Тұздылық  дегеніміз  1 литр  судағы  тұздың  мөлшері.
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95