Page 91 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 91
Сондықтан да
25 л 800 г
х = (1 · 800) : 25 = 32 г (немесе 32‰)
1 л х г
→ Тұздылығы 3‰ болатын 2 тонна судан қанша тұз алуға бо-
лады? 2 тонна дегеніміз 2000 литр.
1 л 3 г
х = (2000 · 3) : 1 = 6000 г (немесе 6 кг)
2000 л х г
Дүниежүзілік мұхит суының температурасы. Су – Жердегі ең
жылу сақтағыш дене. Сондықтан да ол баяу жылынады және жы- луды
баяу шығарады. Жұтылған Күн радиациясының 2/3 бөлігінен астамы
мұхиттың үлесінде. Бұл жылу судың жоғарғы қабаттарын жылытуға
(300 м тереңдікке дейін) және ауаны жылытуға кетеді. Мұхи т
суларының жалпы массасының температурасы 4°С шама- сында.
Судың жоғарғы бетінің орташа температурасы +17°С. Мұхи ттың
жоғарғы бетінің температурасы біркелкі таралмаған. Солтүс тік
жартыш арда оңтүстік жартышарға қарағанда 3 градусқа жылы. 5°–10°
с.е. аралығындағы температура +25°С, +28°С. Полярлық ендіктерде
–1°С, –2°С-қа дейін төмендейді. 200 метр тереңдікке дейінгі судың
температурасы тәулік ішінде немесе маусымға бай- ланысты өзгер іп
тұрады. Мұхиттың одан төмен бөліктеріндегі температура 0°С, +4°С
аралығында болып, мүлдем өзгермейді десе де болады. Мұхи т
табанындағы жарықтардың маңайында жердің ішкі күш жылуын ы ң
әсерінен температурасы біршама жоғары.
Теңіз суы қату температурасынан төмен дәрежеде суығанда тең із
мұзы пайда болады. Дүниежүзілік мұхит ауданының 3–4%-ы мұз
құрсауында жатыр.
Мұхиттағы судың қозғалысы. Мұхиттағы немесе теңіздегі су
массасының көлденең бағытта бір жерден екінші жерге жылжуын
ағыс дейміз. Кей кезде мұхиттық өзендер деп те атаймыз. Тұрақты
желдердің әсерінен болатын ағысты дрейфті немесе тұрақт ы ағыс
дейміз.