Page 94 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 94
Халықтың орналасу факторлары. Адамдар қай кезде де өмір
сүруге қолайлы жер іздеген. Ауылшаруаш ылығына қолайлы, көлік
жолдарына жақын, ауа райы жақсы жерлерге қоныстан у ға
тырысты. Дәл осындай жерлерде 7 миллиардтан астам адам өмір
сүріп жатыр. Жеті миллиардыншы адам 31 қазан 2011 жылы
туылған.
Қолайлы жерлерде алғашқы қоныстар бой көтеріп, уақыт өте
үлкенді-кішілі елді мекендердің кейбіреулері қалаға айналды.
Қолайлы жерлер құрлықтың 30%-ға жуық ауданын алып жатқан
жазықтар болатын. Осының барлығы халықтың біркелкі орналас-
пауына алып келді.