Page 96 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 96
Демографиялық жағдай дегеніміз бір аймақтарда халықтың
тығыз қоныстануы және келесі аймақтарда бірқалыпты немесе
сирек қоныстануы.
Халықтың орналасу заңдылықтары. Жер бетінде халықта р
біркелкі орналаспаған. Орналасудың басты көрсеткіші халықт ың
тығыздығы (42-сурет). Халықтың 2/3 бөлігі құрлықтың бар- жоғы
8%-ын құрайтын аумақта орналасқан. Құрлықтың 15% аумағ ы
тіршілікке қолайсыз болғандықтан, мүлдем қоныстанбаған. Бұл
аймақтарға: шөлді аудандар, таулы жерлер, ылғалды эквато рлық
ормандар және климаты қолайсыз жерлер жатады. Жер бетін де гі
халықтың орташа тығыздығы – 48 адам/км . Халықтың біркелкі
2
орналаспауы аймақтарға және мемлекеттерге байланысты әртүрлі.
халық саны
Халықтың тығыздығы = = 48 адам/км 2
құрлықтың ауданы
Адамдардың 90%-дан астамы Солтүстік жартышарда, 10%- ға
жуығы Оңтүстік жартыш арда қоныстанған. Шығыс жарты- шарда
халықтың 80%-ы, Батыс жартышарда 20%-ы орналасқан. Олай
болса, халықтың ең тығыз қоныстанған аймағы Шығ ыс
жартыш ардың солтүстік бөлігі. Бұл жерлер ежелден бері Еуроп а
мен Азияның игерілген аудандары.
Еуропа халқының тығыздығы – 70 адам/км , шетелдік Азияда
2
100 адамнан/км артық, Солтүстік және Оңтүстік Америкада – 20
2
адамға жуық/км , Африкада 28 адамға жуық/км , Австралия мен
2
2
мұхиттық аралдарда 4 адам/км .
2
Алғаш қы кезде жер бетіндегі халықтың тығыздығы 10 км -қа 1 адам- нан
2
келетін. Көшпелі малшаруаш ылығымен айналысаты н жерлердегі
тығызды қ 1 адам/1 км , суармалы емес егін егетін аудандарда 10 адам/
2
1км , суармалы егіншілік аудандары нда 100-ге дейін жетті. Индустри- алды және
2
ауылшаруаш ылығының араласуынан және әлеуметтік - экономи ка л ы қ
жағдай ды ң қолайлылығы тығызды қты 1000 адамға дейін жеткізд і.
Постин дустриалды шаруаш ылық дамыған аудандарда (бұл жердегі басты ресурс
адамны ң өзі) 10 000-нан асып түсті.
Халықтың біркелкі орналаспауы бір мемлекеттің ішінде де
байқалады.