Page 92 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 92
Температурасына байланысты суық және жылы ағыс деп бө-
леміз. Егер де ағыстың температурасы айналасындағы судан
жоғары болса жылы ағыс, төмен болса суық ағыс дейміз. Мате-
риктердің жағалауына жылы ағыс әсер ететін болса, ылғал ды
климаттық жағдай орнайды, егер де суық ағыс әсер ететін болса,
құрғақ климаттық жағдай орнайды. Кейбір жағдайда шөлді аймақ
қалыптасады. Жылы ағыстар көбінесе экваторлық және тропи ктік
ендіктерден, жоғарғы ендіктерге (полюстерге) қарай жылжи ды.
Суық ағыстар керісінше жоғарғы ендіктерден төменгі ендіктер ге
қарай қозғалады. Мұхиттарда жалпы саны 60-тан астам ағыстар
бар.
Айдың және Күннің тарту күшіне байланысты мұхит сулары
бірде көтеріліп, бірде төмен түсіп отырады. Бұл үдерісті судың то
лысуы және қайтуы дейміз. Ең биік толысу Фанди шығанағын да
(Канаданың Атлант мұхиты жағалауы), Охот теңізі және Бристо ль
шығанағында байқалады (13–18 м). Желдің қуатты энергиясы суды
қозғалысқа түсіреді. Желдің жылдамдығы үдей түскен сайын
толқындардың ұзындығы және биіктігі үлкейе береді. 1958 жылы
Антарктида маңайында толқынның биіктігі 24,5 м (1933 жылы
Манила (Филиппин) қаласы маңында 34 метрге) дейін көтерілген.
Қалай ойлайсыңдар, не себепті Қызыл теңіз біршама тыныш , ал Баренц
теңізін де қатты жел мен толқындар болып тұрады ?
Су асты жер сілкінісі және жанартаулардың атқылауынан бо-
латын толқынды цунами дейміз. Жағалауға жақындаған сайын
оның жойқын күші үдей түседі. Цунами көбінесе Тынықмұхи ттық
сейсмикалық белдеуде пайда болады. Оның биіктігі кей кездері 30
м-ге дейін көтеріліп, жылдамдығы 700–800 км/сағ жетеді.
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Жағалау сызығ ы,
табанының жер бедері, температурасы мен тұздылығы, ағысын ың
түрлеріне және басқа да қасиеттеріне байланысты Дүниежүзілік
мұхит 4 бөлікке/мұхитқа бөлінеді. Дүниежүзілік мұхи ттың
құрамына теңіз, шығанақ және бұғаз кіреді (7-кесте).