Page 93 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 93
7-кесте
Дүниежүзілік мұхиттың құрамдас бөліктері
Мұхит- Теңіздер Шыға- Бұғаздар Мойнақ
тар нақтар
Ішкі Шеткі Арал аралық
Типтік жоспарды және білім көздерін пайдаланып, мұхитқа сипаттама
беріңдер.
Географиялық орны (экваторға, нөлдік меридианға, материк-
ке және басқа мұхитқа байланысты мұхиттың орналасуы).
Ауданы, басқа мұхиттардың арасындағы орны/үлесі.
Жағалау сызығы (теңіздер, шығанақтар, бұғаздар, аралдар).
Мұхит суының қасиеті (су бетінің температуралық режимі,
суының тұздылығы, ағыны).
Мұхиттың органикалық дүниесі.
Мұхиттың ресурсы және пайдаланылуы.
Топқа бөлініп, ішкі, шеткі, арал аралық теңіз, шығанақ, бұғаз,
мойнақ ұғымдарына анықтама беріңдер. Оларға мысал
келтіріңдер және таныстыры лым дайындаңдар. Топты ң
жұмысын бағалаңдар.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Физикалы қ картадан ірі жылы және суық ағыстарды көрсетің д ер .
Жылы ағыстар жойылып кетсе, Жердің климаты нда қандай өзгеріс т ер
болуы мүмкін?
2. Судың толысу мен қайтуына қандай күштер әсер етеді?
Түсіндірің дер.