Page 89 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 89

Дүниежүзілік мұхит табанының жер бедері. Мұхит  табаны н ың
        жер  бедері  алуан  түрлі  және  күрделі  (40-сурет).  Материкте рдің
        мұхит  суымен  қосылған  жерін  қайраң  деп  атаймыз.  Қайраң  –  кон-
        тиненттің  су  астындағы  бөлігі  және  континенттік  беткейдің  біртін -
        деп  жазыққа  айналар  жері.  Мұхит  табанының  негізгі  жер  бедері  –
        біршама  тегіс  болып  келетін  тереңсулы  жазықтар.  Олар  мұхи т
        табаны  ауданының  40%-ын  құрайды.  Дүниежүзілік  мұхи ттың
        орташа  тереңдігі  3794  м,  ең  терең  жері  11022  м (Мариан  ойысы).
            Мұхиттық  жазықтарда  көптеген  жеке  тұрған  таулар  кездесе ді.
        Бұл  таулардың  көбі  сөнген  немесе  сөнбеген  жанартаулар.  Кейбір
        таулардың  жоғарғы  жағы  арал  сияқты  су  бетіне  шығып  тұрады.
            Барлық  мұхиттың  орталық  бөлігі  ұзына  бойы  1–2  км  көтеріліп ,
        орталық-мұхиттық  жоталарды  құрайды.
              Теңіз суларының құрамы және қасиеті. Дүниежүзілік  мұхит
        суының  тұздылығы.  Дүниежүзілік  мұхиттың  суы  тұзды  және  оның
        орташа  тұздылығы  – 35‰  (35  промилле).

























                         40-сурет.  Дүниежүзілік  мұхитты ң  жер  бедері
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94