Page 74 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 74
7-тапсырма. «Кімнің жады мықты?» Төрт түлік малдың атауларын
топқа бөлініп, жатқа айтыңдар. Қай топ қателеспей толық айтса, сол
жеңеді.
8-тапсырма. Халық ұғымында әр малдың иесі, пірі бар. Әр малды
өзінше шақырады. Әр малдың өзіндік үні бар. Осыларға байланысты
атаулар мен сөздерді кестеге салып толтырыңдар.
Төрт түліктің Малдың иесі, Малдың Мал үнінің
түрі пірі шақырылуы аталымы
Түйе
Жылқы
Сиыр
Қой, ешкі
9-тапсырма. Асық түрлерін өз тұсына дұрыс орналастырыңдар.
Асық түрлері
Құлжа сақа – шүкейдің мүжілген түрі.
Топай – жас қозы, жас лақ асығы.
Жабайт – ешкі асығы.
Жабай – арқардың асығы.
Шүкей (үшкейт) – қой асығының әдеттегі түрі.
Шүкімейт – бұзау, тайынша асығы.
Кеней – қой асығы.
10-тапсырма. Төрт түліктің жасына қатысты атауларды «Қос жазба» күн-
делігіне жазып шығыңдар. «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұ рыптары»
кітабын пайдаланыңдар.
Төрт түліктің жасына Түсініктеме
қатысты атаулар
Жабағы Жылқының бір жылға дейінгі
төлі
Құнан Жылқының үш жасар еркегі
Қулық Алғаш құлындаған байтал
Бүлдіршін Екі жасар ұрғашы түйе
72