Page 70 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 70

Тиін – керемет бағбан. Миллиондаған теректердің көптеп өсу
                себебі тиіннің тығып кеткен дәндерін ұмыт қалдырғанынан бо-
                луы керек.

                                             («Жануарлар әлемі». Балалар энциклопедиясы)

                        5-тапсырма.  Оқылым  мәтіні  бойынша  сұрақтарға  жұппен  жауап
                        беріңдер.

                    1. Қай  жануарлар топ болып өмір сүреді?
                    2. Қандай жануарлар тез жүгіреді?
                    3. Ұйқыға қатысты алғанда  ерекше жануарлар қайсы?
                    4. Қай жануарлар  дене мүшесіне қарай ерекшеленеді?
                    5. Қандай жануарды халық  бағбан деп атаған?
                    6. Ән салатын жануарлар бар ма?
                    7. Ақылды жануарларға нелер жатады?


                        6-тапсырма.  Мәтіндегі  зат  есімдерді  жануарлардың  түрлеріне  қарай
                        айы рып, жалпы есімге айналдырыңдар. Бұларды зат есімнің мағыналық
                        топтарына жатқызамыз ба?

                        7-тапсырма.  Мәтіндегі  цифрмен  жазылған  сан  есімдерді  сөзбен  жа-
                        зып, құрамына қарай талдау жасаңдар.


                        8-тапсырма. Суреттерге қарап, тақырып қойыңдар. Нені сезіп, не нәр-
                        сеге назарларың ауды? Суреттеп жазыңдар.

                        9-тапсырма.  зат  есімнің  суреттерге  қатысты  мағыналық  топтарын
                        жал ғаулар  арқылы  қалай  түрлендіріп  жаздыңдар?  Кестеге  салып
                        көрсетіңдер.

                        10-тапсырма. «Қазақстанда тіршілік ететін жануарлар» деген тақы-
                        рып та  эссе  жазыңдар.  Эссе  мәтінінен  сөздік  қорларыңның  қандай
                        деңгейде екенін бағалаңдар.

















              68
   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75