Page 73 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 73

атайды.  Қой  түріне  және  жасына  қарай  қозы,  марқа,  тоқты,
        бағлан, тұсақ, азбан, ісек, ақауыз, қошқар, саулық деп бөледі.
        Ал ешкіні лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп жіктейді.
            Малдың қадір-қасиетін тәжірибелі халқымыз «түйе – салта-
        нат, жылқы – мақтан, сиыр – қанағат, қой – қазына» деп баға-
        лаған.

                                                   («Қазақтың салт-дәстүрлері мен
                                                       әдет-ғұрыптары» кітабынан)

                5-тапсырма. Мәтіндегі «түйе – салтанат, жылқы – мақтан, сиыр – қана-
                ғат, қой – қазына» деген тіркестердің қандай мағынада қолданылып
                тұрғанын түсіндіріңдер.

                6-тапсырма. Оқылым мәтінінің соңғы абзацындағы туынды сөздерді
                тауып, қандай жолмен туындап тұрғанын талдаңдар.




                                                                                    71
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78