Page 69 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 69
3. 3 минут ішінде құрамында деректі зат есімдері бар мақал-
мәтелдер жазыңдар.
4. 3 минут ішінде құрамында жинақтық мағыналы зат есім-
дері бар мақал-мәтелдер жазыңдар.
4-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңдар.
Жануарлардың мінез-құлықтары
Табиғат-ананың төл перзенттерінің қызықты қылықтары
мен жұмбаққа толы сан алуан деректер қоры адам баласын
еріксіз таңғалдырары сөзсіз. Мысалы:
Гориллалар 5–30 даралардан топтасып өмір сүреді. Топты
үлкен жастағы аталық горилла басқарады. Оларды ағылшындар
«күміс арқа» деп атайды. Себебі олардың арқасында сұр түсті
түгі болады.
Қабыландар – мысық тұқымдастардың ішіндегі ең епті,
жылдам жүгіруге бейімделген жыртқыш аң. Олар өте жақсы
өрмелеп, суда жүзе алады.
Қасқырлар топ-топ болып, үйірлер құрып тіршілік етеді.
Қасқырдың бөлтіріктері ата-анасымен 10–54 айға дейін бірге
тұрады. Үйірді «көсемі» басқарады.
Түлкілер – ең кіші жабайы иттер. Олардың көру, иіс сезу,
есту мүшелері өте жақсы дамыған. Өздерінің құрбандарын аса
қулықпен және төзіммен байқатпай аңду арқылы алады.
«Кит әндері» дегеніміз – киттер бір-бірімен хабарласу үшін
шығаратын дыбыс. Олардың әндері белгілі бір үлгіні қайталап
тұратындықтан, адам әніне ұқсайды. Олардың кей өлеңдері 10
минуттан аса уақытқа созылулары мүмкін.
Дельфиндер – ең ақылды су жануарлары. Дельфиндер адам-
дар мен адам тәріздес маймылдардан кейінгі ең ақылды жа-
нуарлар.
Дүниеге келгеніне екі күн болған қарақұйрық сағатына 95
километр жылдамдықпен жүгіре алады.
Үнді жыланы 2,4 метр қашықтықта тұрған өз құрбанының
көзіне асқан дәлдікпен уын шашып, өлтіре алатын ерекше
қасиетке ие.
Алтын балықтың есте сақтау қабілеті тек 3 секундқа дейін
ғана жетеді.
Керіктің мойын омыртқа саны – адамның мойын омырт-
қасымен бірдей.
Араның ызыңы өзінен емес, қанаттарының қағысынан
шығатын көрінеді, олар қанаттарын минутына 11 400 рет қағады.
67