Page 66 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 66
көздері арқылы ауа ағынын сезе алады. Көртышқан қауіпті
белгінің жақындағанын інінде жарықты көру арқылы біледі.
Көбелектердің де иіс сезімі өте жақсы дамыған. Олар гүл-
дердің хош иісін ондаған шақырым қашықтықтан сезе алады.
Мұрындары болмағандықтан, көбелектер иісті қанаттарының
көмегімен сезеді.
Ал құстардың алыс қашықтыққа өз бетімен ұшып барып,
жа ңылыспай ұшып келетіні де ойланарлық жайт. Құстарға
жердің магниттік өрісі көмектеседі екен, мысалы, арктикалық
қар лығаш 40 000 шақырым қашықтыққа жердің магниттік өрі-
сінің әсерімен ұшып бара алады.
(«Жануарлар әлемі». Балалар энциклопедиясы)
5-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
● «Жануарлар – табиғат тартуының тамаша жаратылысы»
де ген ді қалай түсіндіңдер?
● Дала және үй жануарларының арасында қандай айыр ма-
шы лықтар бар?
● Жануарларда қандай қасиеттер жақсы жетілген?
● Жануарлардың адам өміріндегі маңызы қандай?
● Жануарлардың табиғаттағы алатын орны қандай?
6-тапсырма. Дала жануарлары туралы хабарлама жасаңдар. Жануар
ата у ларының бір сөзден және екі сөздің бірігуі арқылы жасалуын
қадағалаңдар.
Хабарламада жануарлардың мына түрлері қамтылсын:
● сүткоректілер;
● қосмекенділер;
64