Page 65 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 65
3-тапсырма. «Сөз-Бәйге!» Шарты: Топқа бөлініп, сөз жарысына тү-
сіңдер.
1. 2 минут ішінде дара мағыналы зат есімдерді атаңдар.
2. 2 минут ішінде жинақтық мағыналы зат есімдерді атаңдар.
4-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып шығып, бір-біріңе сұрақтар да-
йын даңдар.
Жануарлар – табиғат тартуының тамаша жаратылысы.
Жануарлар туралы біле түссең, таңғаларлық деректер-
ге тап боласың. Мысалы, құмырсқалар кішкентай болғанына
қарамастан, өзінің салмағынан 60 есе ауыр жүкті көтере алады.
Бұларды палуан құмырсқалар деп атайды.
Қолтырауындар тас жейді. Осының арқасында асқорыту
жүйесін күшейтеді, суда тепе-теңдікті ұстайды. Сондықтан
олардың асқазаны басқа тамақтардан бөлек таспен де толтыры-
лады.
Ал піл тұмсығымен бөренелерді көтереді, гүлді зақым
келтірмей суарады. Пілдердің сурет сала алатынын айтсайшы.
Пілдер – дүниедегі ең ақылды жануарлар. Миының салмағы – 5 кг.
Пілдер қуанышты да, қайғыны да сезеді. Оларды құралдармен
жұмыс істеуге үйретуге болады.
Тотықұстар сөйлей алады. Олар адамдардың сөзін мағынасыз
қайталай бермейді, біздің сөзімізді ішінара түсіне алады.
Ғалымдар тотықұстардың кіші мен үлкенді, ұқсас пен бөлекті
ажырата алатындығын дәлелдеген.
Көртышқандарды көре алмайды, соқыр деп ойлаймыз. Шын
мәнінде олай емес, олардың аздаған көру қабілеті бар. Соның
көмегімен көртышқандар жыртқыштардан қорғана алады. Олар
63