Page 68 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 68

3–4-сабақ


                                    ЖАнуАрлАр ЖӘнЕ ТіршіліК





                    1. Экология деген сөзді бұрын естіп пе едіңдер?
                    2. Жануарлардың тіршілігі деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?


                        1-тапсырма. Мәтінді аудиотаспадан тыңдаңдар.



                        2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
                    1. Жануарлар экологиясы деген не?
                    2. Жануарлар не себептен азайып барады?
                    3. Жануарлар  экологиясына  адамдардың  тікелей  әсері  бар
                ма?







                                  Деректі және дерексіз зат есімдер
                       Айналадағы заттар мен құбылыстардың адамға танылуы
                   әрқалай. Олардың бірін қолмен ұстап, көзбен көруге бола-
                   ды, ал енді бірін оймен, ақылмен ғана сезіп білеміз. Осын-
                   дай  ерекшелігіне  байланысты  олардың  өзі  деректі  және
                   дерексіз болып бөлінеді.
                       Нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім
                   деп аталады. Олар: аң, шөп, ағаш, құс және т.б.
                       Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана
                   танылатын құбылыс не ұғым атаулары дерексіз зат есімдер
                   деп аталады. Мысалы: адамгершілік, ақыл, қуаныш, пара-
                   сат, сезім және т.б.




                         3-тапсырма. «Сөз-Бәйге!» Шарты: Топқа бөлініңдер.
                    1. 3 минут ішінде құрамында дерексіз зат есімі бар жұмбақтар
                тауып жазыңдар.
                    2. 3 минут ішінде құрамында дара мағыналы зат есімі бар
                тақпақтарды жазыңдар.




              66
   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73