Page 72 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 72
5–6-сабақ
ТӨрТ ТҮліК мАл
1. Қазақ халқының өміріндегі төрт түлік малдың рөлі қандай?
2. Төрт түлік малдың қасиеттерін мақал-мәтелдеп айта аласыңдар ма?
1-тапсырма. Интернеттен «Жануарлар әлемі» деген видеохостингке
кіріп, айтылған ақпараттарды есте сақтаңдар.
2-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қандай жануарлар туралы естідіңдер?
2. Үй жануарларының біз білмейтін қандай қасиеттері бар
екен?
3-тапсырма. «Кім білгір?» Топқа бөлініп, үй жануарлары туралы ма-
қал-мәтелдерді еске түсіріңдер. Қай топ көбірек айтса, сол топ жеңіп
шығады.
4-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңдар. Мәтіндегі көтерілген мәселелерді
анықтаңдар. Төрт түлік малдың атауларын есте сақтаңдар.
Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Мінсе – көлігі, ішсе – сусыны, жесе – тамағы, кисе – киімі,
тұтынса – бұйымы, байлық, мақтаны мен салтанаты да осы мал
болған.
Қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен
түсініктері бар. Мысалы, түйені өсу жолымен бота, тайлақ,
буыр шын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп
атайды. Түйені қасиетіне қарай біртуған, бекпатша, мая, жел-
мая, құлпатша, нар, аруана, жампоз, қоспақ, балқоспақ, мыр за-
қос пақ, үлек деп бөледі.
Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал – жылқы. Оны жасы-
на, түріне қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал,
дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп ажыратады.
Бұрынғы ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын
жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз бедеу,
дүлдүл, арғымақ деп сипаттап, ерекше дәріптеген. Ауыз әдебиеті
туын дыларында жылқыға тіл бітіріп, батырдың жан серігі деп
бағалаған.
Халық ер-азаматтарға ат мінгізіп, шапан жапқан.
Халық сиырды жасына қарай құнажын, дөнежін, сиыр,
бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, өгіз, бұқа деп
70