Page 67 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 67
● бауырымен жорғалаушылар;
● омыртқасыздар.
7-тапсырма. «Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі
маңызы өте зор. Олар адамдарға азық-түлік, ет, май, сүт, тері, жүн,
бал, жібек, мүйіз, бақалшық сияқты әртүрлі өнеркәсіп шикізатын
береді» деген ақпаратқа сай кластер түзіп, ойларыңды дәлелдеңдер.
Балық Май беретін
жануарлар
8-тапсырма. Пікірталас.
«Жануарлар кез келген жерлерден табылады. Суға үңілсек
те, топырақты қазсақ та, аспанға назар аударсақ та, айналаға көз
салсақ та жануарлар кездеседі. Тіпті кез келген тірі ағзаларда
да паразит жәндіктердің өмір суретіні мәлім» деген ақпаратты
пайдаланып, пікірталасқа түсіңдер.
9-тапсырма. Пікірталаста айтылған ақпараттар негізінде жарнама
мәтінін түз.
Мақсаты:
● қорықты насихаттау;
● Каспий теңізіне не Балқаш көліне саяхат жасау;
● адам ағзасында кездесуі мүмкін паразиттерді жою.
10-тапсырма. Сабақта пайдаланылған мәтіндердегі зат есімнің мағы-
налық топтарын атаңдар.
11-тапсырма. Кімнің білімі мықты! Тексер! Бағала! «Жануарлар әлемі»
деп аталатын балалар энциклопедиясына қарап, тапсырмаларды дұрыс не
бұрыс орындағандарыңды тексеріңдер. Кім қатесіз әрі толық орындаса, сол
жеңеді.
65