Page 29 - Қос сөздердің құпиясы
P. 29
Жайма-шуақ. Қазіргі түсінігімізде –тамылжып жадыраған, жайдары
қалыпты білдіреді. « ... Қоңыр күздің сол бір күні де жайма-шуақ ашық
болатын. (М. Хасенов «Тұлпар») Сөйлемде келтіріліп отырған мағынасы
«жайма-шуақ» қос сөзінің табиғи түсінігі. Кейде адамның көңіл күйіне,
мінезіне байланысты да қолданылады. Олардың бәрі бейнелеуден пайда
болған туынды мағыналар
Түркі тілдеріндегі деректер бойынша, бұл екі сөздің мағынасы біріне бірі
жақын келеді.
Якут тілінде: «джайғар» бұлтсыз аспан, ал «джайға»-ала бұлтты деген
мағынаны береді. Әрине сөз түбірі-«джай». Осыған «ма» жұрнағы жалғанып,
сол дыбыстық өзгеріске түскен де, «жайма» сөзі келіп шыққан.
«Шуақ» сөзінің де түп төркінін осы якут тілінен табамыз. Якутша
«чубақай»- ашық, анық мағынасын береді. Мұнда да кейбір дыбыстар қазақ
тілінің заңдылығына қарай түсіп қалып, «шуақ»-болып қалыптасқан. Сөйтіп,
«жайма-шуақ» қос сөзінің ертеректегі мағынасы- «ашық анық» болған да,
күн көзінің жарқырап, нұр шашуына байланысты туған. Бұған тағы бір
дәлел- қырғыз тіліндегі «чубак», «чуак» сөздері күн сәулесі немесе күннің
ыстығы мағыналарын береді.
ІІІ. Қорытынды.
Қос сөздердің төркінін анықтау барысында түркі тілдерінде кездесіп
отыратын дабыстардың өзара алмасып, бірінің орнына екіншісі
қолданылатынына көзіміз жетті. Қос сөздердің бір сыңарының немесе екінші
сыңарының мағынасыз болып келуі де, тіліміздің қазіргі кездегі даму
сатысына байланысты. Қос сөздердің барлығы алғашқы кезде мағыналы
сөздерден жасалып, уақыт өте тілдік даму нәтижелерінде мағынасы
күңгірттеніп, фонетикалық өзгерітерге ұшырауына байланысты
мағыналарынан айырылған. Тіл заңдылығы бойынша, қос сөздердің
мағыналары жақын болып келеді. Бір сыңары немесе қос сыңары түсініксз
деп саналатын сөздердің өзі төркінін анықтай келгенде бірдей болып шығады
(азық-түлік, бала-шаға).