Page 24 - Қос сөздердің құпиясы
P. 24

анықталды. «Ығы-жығы» қос сөзі былайша айтқанда, «жиын-жиын», «тобыр-

                  тобыр» немесе «тығыз-тығыз» мағынасын береді.




                  Бұлан-талан.  Тілімізде «бұлан» да, «талан» да жеке айтылмай, тек
                  қосарлана келіп, көбіне «бол» етістігімен тіркесе отырып, «әбігер», «астан-
                  кестен» мағыналарын береді.  «Келсе, қалыңдық бұлан-талан. Қырамын да

                  жоямын... деп жатыр екен». (Жайсаңбек. Молдағалиев. «Сарыарқа»).

                         «Бұлан» мен «талан» ертедегі түркі тілдерінде жеке қолданылып,
                  қазіргі қос сөз  мағынасына ие болғанын кейбір түркі тілдерінен көреміз.

                  Қырғыз тілінде «әбігер болу, абыржу» тәрізді мағыналарды-«булаан», якут
                  тілінде-«түлүөн» сөздері береді. Осы сөздерден құралған қос сөз қазақ
                  тілінде сәл дыбыстық өзгеріске ұшырап, «бұлан-талан» болып айтылып жүр.


                  Лек-лек. Кейде «лек» қалпында кездескенімен көбіне қос сөз ретінде
                  қолданылады.  Тізбегімен, топ-тобымен деген мағына береді. «Бұлардың

                  сөзін көшедегі лек-лек топ, ерсілі-қарсылы жүріп жатқан халық бөлді» (С.
                  Бақбергенов. «Кентау».)

                         Кейбір авторлар мұның төркінін парсы тілінен шыққан деп біледі.

                  Бірақ терең зерттей келгенде, оның парсыларға үнді тілінен ауысқаны
                  байқалады. Үнді тілінде: «лек» сөзі- «жүз мың» деген сандық ұғымды береді.
                  Осыған қарағанда «лек-лек» қос сөзі тек белгісіз, өлшеусіз ұғымды емес,

                  «жүз мың-жүз мың» немесе «жүз мыңдаған» дегендей нақтылы санды
                  білдіретінін көреміз.




                  Ауық-ауық. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бұл қос сөздің мағынасы-

                  «мезгіл-мезгіл, дүркін-дүркін» деп көрсетілген. «Таудан ауық-ауық жел
                  соғады» (З. Шашкин «Тоқаш Бокин»).

                         Шындығында, Бұл қос сөз қазіргі кезде тілімізде жиі қолданылып

                  жүрген «уақыт» сөзімен түбірлес. Ал «уақыттың» түпкі төркіні-араб тілі.
                  Кейде бұл біздің «уақ» делініп қысқартылып алынады. «Ел... күзектеріне
                  қонып, күземін алып жатқан уақ» (І. Жансүгіров. Шығ. жин.). Осы «уақ» сөзі

                  бұдан әрі қарай дыбыстардың өзара орын ауыстыру заңдылығына ұшырап,
                  «ауқ» тұлғасына дейін өзгеріп, «у» мен «қ» дыбыстары арасына «ы»
                  килігіуінің нәтижесінде «ауық» қалпына жеткен. Оның қайталап айтылуы

                  қазіргі қолданылып жүрген «ауық-ауық» қос сөзін тудырған. Осылайша
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29