Page 23 - Қос сөздердің құпиясы
P. 23

Ығай-сығай. Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде бірінен-бірі өткен,

                  іріктелген дегендей анықтама берілген. «Амантай  ылғи ығай–сығай
                  жігіттерді ертіп алды»(С.Мұқанов «Ботакөз»).

                         Дәл осындай мағынада  бұл қос сөз ығай мен сығай болып та айтыла

                  береді. «Біздің тосқауылға қалған жігіттер де өңкей ығай мен сығай»
                  (І.Жансүгіров. Шығ.жин.).


                         Қос сөздің алғашқысы мүлдем жеке қолданылмайды, ал екіншісі
                  сөйлей тілінде айтылмаса да кейбір қаламгерлер тілінде кездеседі.

                         Басқа түркі тілдерінде осы сөздердің мағына беретін кездері бар. Якут

                  тілінде: «ыгай»; туваларда: «сыңзып» дыбыстық құрамындағы сөздер біздің
                  тіліміздегі «маңызды» ұғымын береді. Якут тіліндегі «ыгай» сөзі тұлғасы
                  жағынан біздегі қос сөздің бірінші сыңарымен («ығай»)бірдей десекте

                  болады.Мұнда аздап болса да дыбыстық өзгеріске ұшыраған тува тіліндегі
                  сөз. Ол «ығай» сөзіне ыңғайласа түрленіп, «сығай» қалпына жеткен.
                  Сонымен, «ығай-сығай» қос сөзінің алғашқы мағынасы «маңыз-маңызды»

                  болып келеді.

                  Ығы-жығы. Ары-бері сапырылысқан, жиналған тобыр деген ұғымда

                  қолданылады. «Жол үсті ығы-жығы ағылып жатқан поезд» (С.Мәуленов
                  «Шыңда»).

                         Қазіргі қазақ тілінде  қос сөздің қай сыңары болмасын жеке

                  қолданылмайды, әрі мағына бермейді.

                         Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде «йығ» тұлғасы қазіргі тіліміздегі

                  «жинау» ұғымында қолданылған. Демек, «жина» етістігінің алғашқы түбірі
                  осы- «йығ» сөзі болған. Өткен ғасырдағы түркі тілдері сөздігінде «йығ»
                  түбіріне «ы»  жұрнағы қосылып, «йығы» тұлғасы туындаған , жиын, тобыр
                  мағынасын берген. «Йығы» сөзі-қазақ тілінде еріксіз «жығы» сөзіне

                  айналған. Сөйтіп қос сөздің екінші сыңарының мағынасы табылды деуге
                  болады. Қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде осыған сәйкес тұлғалар өз алдына

                  дербес қолданылып,  мағына жағынан да алшақталмағаны
                  байқалады:туваларда «дыгый», якут тілінде-«чиңэ» дыбыстық құрамдағы
                  сөздер-«тығыз» ұғымын береді. Якуттарда «тығыз» деген сөз кейде «ыға»
                  тұлғасымен де айтылады.


                         Көрсетілген тілдік  деректерді  жинақтай келгенде «ығы»да, «жығы» да
                  түркі тілдерінде ертеден келе жатқан сөздер әр берер мағынасы біреу екені
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28