Page 20 - Қос сөздердің құпиясы
P. 20
Қазіргі қазақ тілінде мұның әр сыңары өз алдына жеке қолданылып та тиісті
мағына береді. Біздің мақсатымыз-солардың алғашқы ұғымдарымен түпкі
төркіні қай тілден шыққанын анықтау.
Қос сөздің алғашқы сыңары -«ырғал» етістігінің о бастан түркі тілдерінің
меншігі екенін ертедегі түркі жазба ескерткіштерінің сөздігі растай түседі:
«ырға» сөзі- қозғау, тербелту мағыналарын білдіреді.Екінші сыңары-
«жырғал» сөзінің түркі және моңғол тобындағы тілдерге ортақ екенін мына
деректер айғақтайды: қырғыз тілінде-«жыргал»; алтайларда-«йырға»;
моңғолдарда «жарғал»; қалмақтарда «джирһх»» сөздерінің біздегі мағынасы
«рақаттану, көңілдену, жаны ләззат табу» болмақ.
Аталған сөз тіркестерін қазіргі айтылып жүрген «ырғалып-жырғалып»
қос сөздерінің орнына қойсақ, «рақаттана қозғалып» немесе «рақаттана
теңселіп» мағыналары шығады.
Қыз-қырқын. Қыздар тобы осы сөз арқылы да беріледі. «Енді сені көрген
қыз-қырқын талып түсетін болды.»(С. Жүнісов «Жапандағы жалғыз үй»).
Бұдан сегіз ғасыр бұрынғы түркі жазба сөздігінде бұл қос сөз осы
дыбыстық құрамда кездеседі.
Мүндағы бізге мағынасы түсініксіз-«қырқын» сөзі. Түркі тілдері ішінде
чуваштарда «хир» сөзі біздің қолдануымыздағы «қыз» мағынасын
меншіктенеді. Әдетте, түркі тілдерінде «з» мен «р» дыбыстарының орын
алмастырулары жиі кездеседі. Осыдан келіп біздегі «қыз» сөзі шыққан. Ал
қос сөздің екінші сыңарында чуваш тіліндегі «хир» сол қалпын сақтаумен
бірге, оған «қын» жұрнағы қосылып, «қыз-қырқын» тіркесінің тууына
себепкер болған. Мұнда «қыз» сөзі де, «қырқын» сөзі де «қыз» мағынасын
иемденген.
Кем-кетік. «Жетіспеушілік, кемшілік, кемістік» сөздерінің мағынасы осы қос
сөзге сыйып тұр.
«...Мен жырламай кім жырлар,
Бақыт құсы басымда, түгендейді кем-кетік»
(Н. Байғанин).
Қос сөздің екі сыңарын да түсіндіріп жатудың да қажеті жоқ сияқты. Бірақ
тіл тарихының тереңіне үңілген сайын оның басқа да мағыналарға ие
болғанын көреміз Ежелгі түркі жазбалары сөздігінде: «кем» сөзі ауру, ал