Page 21 - Қос сөздердің құпиясы
P. 21
«кетік» сөзі мұқтаждық мағынасында қолданылған. Енді келіп осыларды
қазіргі мағынасымен салыстырсақ бірқатар өзгеріс енгені байқалады. Сонда
«кем-кетігіміздің» бұрынғы мағынасы «ауры мұқтаждық» болып шығады.
Киім-кешек. Бұл қос сөздерден киімдер жиынтығын көреміз. «Екі шопан
киім кешетерін қолтықтарына қыстырып, үйге қарай аяңдады»
(Т. Жармағамбетов, «Нәзік бұлттар»).
Біздің тілімізде «кешек» сөзі ешқашан жеке қолданылған емес. Қырғыз
тілінің оңтүстік диалектісінде қырғыздардың әдеби тіліндегі «көйлөк»
(бізше-көйлек) орнына «көйчөк» сөзі қолданатын кезі болады. Біз, әзірге,
«киім-кешек» қос сөзіндегі соңғы «кешек» тіркесімен осы «көйчөк» сөзімен
жақындастыра аламыз. Мұнда «й» дыбысы түсіріліп «көчөк» болып, одан әрі
«кешек» қалпына жеткен. Содан барып «киім-кешек» қос сөзі мағынасы
жағынан «киім-көйлек» дегенге жақындай түседі.
Жақын-жаран. Туыс, ағайын адамдар ұғымы осы қос сөз арқылы да
беріледі. «Доктордың сарғылт жүзінде жақын-жарандарын аңсаған жалқы
жанның сағынышы бар.» (С. Омаров. «Қызыл»).
Мұндағы «жақын» сөзі өз алдына қолданылады әрі өз алдына
қолданылады әрі мағынасы да түсінікті. Ал «жаранның» біздің
сөздіктерімізде екі түрлі мағынасы келтірілгенімен мына қос сөздегіге
жанаспайды. Қырғыз тілінде «жаран»-дос, достар мағынасын білдіреді.
«Жаран» сөзінің түпкі төркіні парсы тілінен алынған. Осыған қарағанда,
«жақын-жаран» қос сөзі-«жақын дос» деген мағынаны иемденеді.
2. Қос сыңары мағынасыз қос сөздер:
Екі сыңарының да мағынасы жоқ қосарлама сөздердің кейбір компоненттері
бір ғана сөздің емес, бірнеше сөздің құралымен кездесіп отырады. Мысалы:
анда-санда, оқта-текте.
Мектептің бүкіл әлем-жәлем қағазы өз қолынан өтіп жүрді (О.Б.).
Ә.Нұрмағанбетов өзінің «Қос сөздердің құпиясы» атты еңбегінде «әлем-
жәлем» қос сөзі туралы былай дейді: «Қос сөздің қай сыңары болмасын қазақ
тілінде дербес қолданылып, дәл мағына бере алмайды. Әзірбайжан, түрік,
ұйғыр, чуваш тілдерінде «аләм», «элем» сөздері «кішкене жалау,жалауша»
деген мағына береді. Мұның өзі арабтардың «ғаләм» сөзінен шыққан. Ал
чуваш тілінде «илем» – безендіру, әшекейлеу мағынасын білдіреді.
Осылардағы «аләм» мен «илем» сөздері қазақ тілінде «әлем» және «жәлем»
қалпында өзгеріске келіп, тілдік дәстүрден озбай, қос сөз тудырған» . Қос сөз
құрамындағы «жәлем» сөзі тілімізде мүлде қолданылмайды, ал «әлем»