Page 17 - Қос сөздердің құпиясы
P. 17
ол қазақ тіліндегі «құл» сөзінің араб тіліндегі баламасы. Сөйтіп, «құл-құтан»
сөзі мағынасы жағынан «құл-құл» дегенмен бірдей.
Дос-жар(ан). Ізгі тілекті ниеттес адам дегенді білдіргенде осы сөзді жиі
қолданамыз. «Дәл осы күні Ыбекеңе дос-жар әр елден-ақ керек қой» (Ә.
Әбішев. «Армансыз».).
Қос сөз құрамының біріншісі-«дос» сөзінің мағынасы кез-келген
адамға түсінікті және ол сөз төркінін парсы тілінде жатқанын да білеміз. Ал
екіншісі-«жар» немесе «жаран» сөзі таныс ұғым болғанымен дәл мына қос
сөз құрамындағы мағынасын біле бермейміз. Шындап келгенде бұл да «йар»
болып айтылатын парсы сөзі , дос мағынасын береді. Парсы тіілінде «йар»
сөзінің көпше түрі «йаран» болып келеді.
Қуғын-сүргін. «Қуғындауы, қыспағы көп кез, аласапыран заман» деген
ұғымды білдіретін қос сөз. «Ол қуғын-сүргіннен, қамаудан, айдаудан қайтып
оралғанда, осы кенді сағалаған» (Т. Әлімқұлов. Кертолғау).
Қос сөз құрамындағы «қуғын» сөзіне қарағанда «сүргіннің» мағынасы
біздің тілімізде көмескі,күңгірт. Дегенмен ертедегі түркі тілдері жазба
ескерткіштерінде «сүр» сөзі қуу, қудалау ұғымын берген және ол бірсыпыра
түркі тілдерінде осы күнге дейін мағынасын сақтап қалған.Әзірбайжан, түрік,
татар, қырғыз, сағай, тува, хакас, т.б. тілдерінде «сүр» немесе» «сүргін»
дыбыстық құрамдағы сөздер біздің түсінігіміздегі «қуу, айдау, жер аудару»
деген ұғымдарды білдіреді.
Сау-тамтық. Сау-тамтығы қалмау. Түсіндірме сөздікте мағынасы: «тозып,
жыртылып біткен» деген сөз.
Бұл қос сөздің ерекшелігі-«қалмау» немесе «жоқ» сөздерімен ғана
тіркесіп келеді.
Айтар ойымыз түсінікті болу үшін, қос сөздің әр сыңарларының
мағынасын анықтай түсейік. «Сау» сөзінің «аман, дені сау» ұғымынан басқа
бір нәрсенің бүтіндігін білдіретін мағынасы бар. «Күләйім сары самаурынды
сау құлағынан ұстап, тысқа шықты». (Ж. Еділбаев. «Түркістан»). Бұл жерде
«сау» сөзі «бүтін» орнына жүріп тұр. Қос сөз құрамындағы «тамтық» та
тілімізде жеке тұрып, «қалған қалдық, жұқана» түсінігін береді. Ал қырғыз
тілінде «тамтық» сөзі шық, кет етістіктерімен тұрақты тіркес жасап («сау»
сөзі бұл тілде «тамтықпен» тіркеспейді). «ескірген, тозған, жұлым-жұлым»
ұғымын береді. «Тамтықтың» қазақ, қырғыз тілдеріндегі бұл мағыналарын