Page 12 - Қос сөздердің құпиясы
P. 12

Қазіргі жас оқырмандарды былай қойғанда, ересек адамдар да өзіне тән

                  мағынасы бар «абысын» сөзінің ертеде нені ұғындыратынын біле бермейді.
                  Сондықтан «абысын»  сөзінің төркіні туралы аз да болса айта кеткен жөн.
                  Түркі халықтары ішінде шор, хакас тілдерінде «абы», ал Сібір татарларында
                  «епчи» қазіргі қазақ тіліндегі «әйел» мағынасы орнына жүреді. Міне, «абы»,

                  «епчи» түбірлерінің біріне «сын», екіншісіне «н» жұрнақтарының жалғануы
                  арқылы біздің тіліміздегі «абысын» пайда болған да, алғашында тек «әйел»
                  деген ұғымды ғана иеленген.


                         Енді қос сөздің екінші сыңары «ажын» туралы.

                         Түрікмен, шор тілдерінде «ача» қазақ тіліндегі «апа» (әпке) деген, ал

                  ұйғырлардың «аджыс» сөзі біздегі «әйел» деген мағынаны береді. Осыларға
                  қарағанда «ача», «аджыс» сөздерінің түбірлеріне қазақ тіліне тән «н»

                  жұрнағы қосыла отырып, қос сөз құрамындағы «ажын» пайда болған. Сонда
                  «абысын-ажын» дегеніміздің қазіргі түсінігі «әйел-апа» (әпке) немесе «әйел-
                  әйел» болмақ.


                  Елбесіп-селбесіп. Кейде бір-біріне қол ұшын беріп,көмектесу, жәрдемдесу
                  мағынасы осы қос сөз арқылы да беріледі. «Екі жарты бір бүтін боп, елбесіп-
                  селбесіп күн көрерміз» (Р.Тоқтаров. «Ертіс мұхитқа құяды»).


                  Сирек болса да «селбесіп» сөзі кейде жеке қолданылады: «Сіздің
                  жүргіншілер осында бізбен селбесіп келеді»(І. Жансүгіров). Ал «елбесіп»
                  етістігінің өз алдына мағына беріп қолданылғанын кездестірмедік.


                         Якут тілінде «елбесіппен» де, «селбесіпен» түбірлес сөздердің өздеріне
                  тән мағыналары бар, дербес қолданыла береді. Бұл тілдегі «илбэс», «силбэс»

                  дыбыстық құрамдағы сөздердің екеуі де біздің түсінігіміздегі «бірігу,
                  жиналу, өзара қатынасу» мағыналарына ие болады. Бұл деректердің біздің
                  тілімізде де «елбес» тәрізді етіс сөздің бір заманда болғанын, кейін тек қос

                  сөз құрамында сақталғанын көрсетеді. Сөйтсек, «елбесіп-селбесіп» деген
                  «бірігіп-қосылыптың» баламасы екен.


                  Қашып-пысу. Осындағы екінші «пысу» сөзіне түсіндірме сөздікте-қорқу,
                  зәресі ұшу деген анықтама берілген. Ал «қашып» сөзі- айтпаса да түсінікті.
                  Мысалы:


                         «Келіпті деп бір қу мысық»,

                         «Тышқан біткен кетті пысып»


                                                             (Ө. Тұрманжанов. «Менің кітабым».).
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17