Page 11 - Қос сөздердің құпиясы
P. 11

Тілдерімізде  «ыңқыл» мен «сыңқыл» сөздерінің өздеріне тән меншікті

                  ұғымдары бар және жеке айтыла береді. Бірақ мына қос сөздің мағынасы
                  басқашалау көрінеді.

                         Ертедегі түркі тілдерінде қос сөздің екінші сыңарымен үндес «сөкел»

                  мен «сөкүл» сөздері қазіргі тіліміздегі  «ауру, науқас» орнына қолданылған.
                  Біздің байқауымызша, осы сөздер («сөкел», «сөкүл») қазақ тілінде дыбыстық
                  өзгерістерге түскен және қос сөз құрамында сақталған.


                         Қос сөздің бірінші сыңарына түбір боларлы тіркесті де ертегі түрік
                  жазба ескерткіштері сөздігінен кездестіреміз. «Іг» сөзі-«ауру»деген мағынаға
                  сілтейді.Осы түбірге кейінгі кездерде «іл» қосымшасы жалғанып , бертін

                  келе қазақ тілі заңдылығы талқысына түсіп, дыбыстық өзгерістер салдарынан
                  «ыңқыл» қалпында «сыңқыл» сөзімен қосарлана келіп, «ыңқыл-сыңқыл» қос

                  сөзін тудырған.Бұдан шығатын қорытынды-«ыңқыл-сыңқыл» қос сөзі қазіргі
                  «ауру-ауру» немесе «ауру-науқас» ұғымында қолданылады.

                  Ағыл-тегіл.  Бір заттың өте көп, мол екендігін білдіру үшін осылай делінеді..

                  «Кәзір елде не көп-сауатын бие көп. Ендеше бұл тойға ағыл-тегіл келетін
                  қымызда хисап болмайды. (С.Мұқанов «Есею жылдары»).


                         «Ағыл-тегіл» қос сөзіндегі бізге құпия, жұмбақ болып тұрғаны, екінші
                  сөз-«тегіл». Ал, «ағыл» болса, «ағу» етістігінен «ыл» жұрнағы арқылы етіс
                  тудырып тұрғанын аңғару қиын емес. Қос сөздер көп жағдайда мағынасы
                  бір-біріне жақын сөздерден құралатынын ескерсек, «тегіл» сөзінің бастапқы

                  түбірі «төк» екендігін тура, күмәнданбай-ақ айта аламыз. Алдымен осыған
                  «іл» қосымшасы қосарлану арқылы «ағыл-төгіл» болып , кейін келе «ө»
                  дыбысы «е»-ге өзгертіліп айтылып, «ағыл-тегіл» қалпында қолдану дағдыға

                  айналған. Ойымыздың дұрыс екендігін «аста-төк» дәлелдей түседі. Мұның
                  өзі «асып төгілу» сөздерінің қысқартылып айтылған түрі. Бұл да мол дүние
                  ұғымын беріп тұр. Сөйтіп «ағыл-тегіл» қос сөзі «ағылу, төгілу» етістіктерінің

                  туындысы екендігін байқадық.

                  Абысын-ажын. «Ағайын,туыс адамдардың әйелдері» осындай қос сөз
                  арқылы түсіндіріледі.  Мысалы: «Бұрынғыдай ауысып тамақ беру абысын-

                  ажын арасынан кеміп кетті» (Б. Майлин, Шығармалар жинағы). «Абысын»
                  сөзі жеке қолданылса да « абысын-ажын қос сөзі беретін мағынаны ұғындыра

                  алады: «Сен түсіндірші, Бақытжан аға інісін,бала әкесін, нағашы жиенін,
                  абысын келінін сынамасын деген заң бар ма?» (Ә.Тәжібаев. «Гүлденген
                  дала»). Бірақ «ажын» сөзі ешқашанда да дара тұрып, тиісті мағынаға ие
                  болмайды.
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16