Page 10 - Қос сөздердің құпиясы
P. 10
«Сықта» тіркесінің алғашқы түбірі «сық», осыған «та» жұрнағының
қосылуы арқылы «сықта» сөзі пайда болған. Хакастарда айтылатын
мағынасы ылғалдану, дымқылдану деген ұғымды білдіреді.
Сонда «жылап-сықтаудың» ертедегі мағынасы «жылап-жылау» болып
шығады.
Жым-жырт «Тып-тыныш» қос сөзінің екінші баламасы ретінде
қолданылады. «Көше жым-жырт, дыбыс жоқ. Бізден басқа қыбырлаған бір
қара жоқ» (С.Сейфуллин «Тар жол-тайғақ кешу»).
Қос сөздің алғашқы сыңары -«жым» туралы жоғарыда айттық. Ендігі мәселе
«жырт» туралы болмақ.Мұның да ертеректе мағынасы болғанын тува тілінде
қолданылуынан көреміз. Тувалықтарда «тыныштық» ұғымын беретін
«оожум» сөзімен бірге «ыржым» тіркесі де жиі айтылады. «Оожум» біздегі
«жым» сөзімен төркіндес екені көрініп тұр. Ал соңғы «ыржым» сөзіне қазақ
тілінен оған ұқсас сөз табу қиын.
Қатар тұрған дыбыстардың орын алмастыру заңдылығы тілімізде бар
екені бұрын айтылған болатын. Осыны ескерер болсақ, тува тіліндегі
«ыржым» тіркесіне айналып, соңғы «м» орнына «т» дыбысының қосылып
«ыжырт» қалпына түскен. Одан әрі өзімен мағыналас «жыммен» қосыла
келіп, алғашқы «ы» дыбысының түсіп қалуынан, « жым-жырт» болып
қалыптасып, «тып-тыныш» мағынасына ие болған.
Иіс-қоңыс. Сөздіктерде бұл қос сөз мағынасына «жағымсыз иіс, кір-қоңыс»
деп түсініктеме берілген. «Иіс» сөзі тілімізде өз алдына қолданылғанымен,
оған қосақталып тұрған «қоңыс» сөзі жеке айтылмайды. «Иіс-қоңысы көп
үйде бүрге де көп қой деймін... (С.Мұқанов. «Мөлдір махаббат»).
«Қоңыс» сөзін тек моңғол тобындағы тілдерден табамыз.
Моңғолдардың-«хөлс», қалмақтардың-«көлсн» сөздері қазақ тіліндегі «тер»
мағынасында қолданылады. Сірә, моңғол тілінен ауысса керек. Якуттардың
«көлсүн» сөзі де «тер»ұғымын білдіреді.
Қорытындылай келгенде, «иіс-қоңыс» қос сөзін нағыз қазақшаласақ,
«иіс-тер» болып шығады.
Ыңқыл-сыңқыл. Ауру, сырқаттану ұғымында қолданылады. «Ол соңғы
кездері ыңқыл-сыңқылды көбейтіп, ауырып қала беретін болды.
(Е.Айтмағамбетов «Құлақ»).