Page 9 - Қос сөздердің құпиясы
P. 9

Жеңіл-желпі. Салмағы болмашы ғана, ауырлығы жоқ, өте жеңіл мағынасын

                  білдіреді. «...Таяқ сүйене жүріп, жеңіл-желпі жұмысқа араласты»
                  (А.Байтанаев «Қайнар»).

                         Бұл жерде алғашқы «жеңіл» сөзін түсіндіріп жату артық болар.Моңғол,

                  тұңғыс-манжур тобындағы тілдердің сөздік қорын қарастыра келгенде, қос
                  сөздің екінші сыңары-«желпі» жөнінде мынадай екі түрлі жорамал айтуға
                  болады.


                         Біріншіден, қалмақ тіліндегі «үлпек, үлпілдек» деген ұғымдарды
                  «джөөлки» сөзі бере алады.Осы тіркес қалмақтардан қазақ тіліне ауысқанда
                  дыбыстық өзгеріске ұшырай келе, аталған қос сөздің екінші сыңары болып

                  қалыптасуы мүмкін.  Бұл жағдайда «жеңіл-желпі»  мағынасы «жеңіл-
                  үлпілдек» болып шығуы мүмкін. Үлпілдек зат жеңіл болатынын білеміз.


                  Екіншіден, тұңғыс-манжур тобындағы нанай тілінде «йэбэ» сөзі «жеңіл»
                  мағынасын береді. Мұнда түбір сөзге «л» дыбысы қосылып, «йэлбэ» тіркесі
                  пайда болған.Оның келе-келе «желпі» болып өзгеруі де нанымды құбылыс.


                  Жоқ-жітік. Кедей, жарлы мағынасында айтылатын қос сөз:Ілияс жетім-
                  жесір, жоқ-жітіктерге өте мейірімді еді» (Қ.Шөкенов. «Біздің Ілияс»).


                         Қос сөздің алғашқы бөлігі-«жоқтың» екі-үш мағынасы бар. Солардың
                  бірі-жоғалу, жоғалып кету. Ал «жітік» болса біздің тілімізде жеке
                  қолданылмайды, сондықтан өзіне тән мағынасы да жоқ. Тек «жоқпен»

                  қосарлана келіп, содан шығатын ұғымға ортақтасып отыр.

                  Егер ертедегі түркі жазба ескерткіштеріне назар аудара қарасақ, мына қос сөз

                  құрамындағы «жітік» тіркесінің өзіне тиісті көне ұғымы болғанына көзіміз
                  жетеді. Мысалы, «йит» сөзі «жоғалу, жойылу», ал «йитүк-жоғалған
                  жойылған» мағыналарына ие болған.


                         Басқа түркі тілдерінде «жітік» сөзінің мағыналары осы күнге дейін
                  сақталғанын төмендегі тілдік ерекшеліктерден көреміз: ұйғыр,түрік
                  тілдерінде -«йит»,татарларда-«джитик»,туваша-«чидер», якут тілінде-«сүт»,

                  хакастарда-«чіт» тіркесінің барлығы да қазақ тіліндегі «жоғалу,жоқ болу,
                  жойылу» мағыналарының орнына қолданылады.


                         Мұндай ұғым беретін осыларға ұқсас сөздер монғол,тұңғыс-манжур
                  тобындағы тілдердің бір де біреуінде кездеспейді. Демек, «йит», «йитүк»
                  (қазақша-«жітік») сөзі тек түркі тілінде сөйлейтін халықтарға тән келеді.
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14