Page 4 - Қос сөздердің құпиясы
P. 4
5) сын есім мен сапаны күшейтіп айту мағынасы: қып-қызыл, қап-қара, сап-
сары.
Қосарлама сөздер мағыналық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлінеді:
1) Мағыналы компоненттерден құралған қосарлама сөздер
2) Мағынасыз компоненттерден құралған қосарлама сөздер
Компоненттері мағыналы қосарлама сөздердің құрамындағы
компоненттердің екеуінде де өзді-өзіне лайықты дербес мағыналары болады.
Бірақ олар іштей мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сыңарлардан,
мағыналары бір-біріне ұштас сыңарлардан құралған болып үш топқа
бөлінеді.
Қарама-қарсы сыңарлардан құралған қосарлама қос сөздердің қызметі бір-
бірімен тең дәрежеде жұмсалады. Мысалы: Сонан соң жаман-жақсы болып
екіге бөлінеді: қара жерге кіргенше ырылдасып өтеді (О.Б.). Сөйлемде
жаман-жақсы сөздері қарама-қарсы мәнде қолданылған, мағынасы жақсысы
да, жаманы да бар, әртүрлі деген ұғымда.
Мәндес сыңарлардан қосарланған сөздердің мағыналары бір-біріне жақын
сыңарлардан құралады. Бағана таман арадай анталаған мазасыз уайым-қайғы
ертеңнің қам-қарекет ойы ұшпалана ыдырап-ақ кетіпті; әредікте «балаларға
кітап-сітапты қайдан табамын, қыстауды қашан қамсаулаймын, әйелім
босанып қалса, қайтемін» секілді темірдің тотындай жанын жеп жүрген
ойдың етегіне жармасып көрді, бәрі бір тереңдей бойлап, үңги сары
уайымдай алған жоқ (О.Б.). Осы сөйлемде кездесетін уайым-қайғы сөздерінің
сыңарларының мағыналары жақын, синонимдес. Уайым, қайғы сөздері жан
күйзелісін білдіреді. Екеуінің де мағыналары біріне-бірі жақын, бірдей деуге
болады. Қос сөздердің сыңарлары бір мағынаны білдіреді, бірақ екі түрлі
дыбысталған.
Ұштас мәнді сыңарлардан қосарланған сөздер бір-біріне ұқсас сөздерден
құралады. Қазандық жақтан ыдыс-аяқтың сылдыры естілді (Р.Тоқтаров).
Ыдыс-аяқ қос сөзінің тіліміздегі қазіргі мағынасы-ас ішуге, ас-суды құюға
арналған іші қуыс әр түрлі ыдыстарды білдіреді.
Күнделікті өмірімізде қос сөз құрамындағы «ыдыс», «аяқ» сөздерінің өз
мағынасы бар, көп ретте қолданыла береді. Олар туралы біздің қазіргі
ұғымымыз кейінгі кездері пайда болған. «Ыдыс» және «аяқ» тарихы мен
төркініндегі қызықтырар құпия да, сыр да осында.
Адам өмір сүрген орта-қоғам үнемі дамып, ілгері озуда. Қоғам дамумен
қоса тіл де дамып, оның қорындағы жеке сөздер де жаңарып, әрдайым
өзгеріп отырады. Солардың қатарына «ыдыс» және «аяқ» сөздері жатады.
Кейбір түркі тілдерінің тілдік деректеріне қарағанда біздің тіліміздегі
«ыдыс» сөзінің мағынасы-соңғы дәуір жемісі екенін көрсетеді. Якут
тіліндегі- «ытыс», тофа тіліндегі-«адыш», туваша-«адыш» сөздерінің бәрі де