Page 3 - Қос сөздердің құпиясы
P. 3

І.  Кіріспе
                  Қос  сөздер  –  сөздердің  қосарлануынан  немесе  қайталанып  айтылуынан
                  жасалған сөздер. Жалпы, қос сөздер – күрделі сөздің бір түрі. Ғалымдардың
                  айтуы  бойынша,  қос  сөздер  түркі  туыстас  тілдердің  бәрінде  кездеседі.  Қос
                  сөздер  ең  көне  орхон  жазба  ескерткіштерінің  тілінде  де  болған  және  оның
                  көріністері  қазіргі  түркі  тілдерінің  бәрінің  сөздік  қорынан  мол  орын  алып,
                  тілде  жиі  қолданылатын  лексикалық  бірліктер  қатарында.  Бір  ғана  мысал,
                  ічін-ташын  –  ішін-тысын  сөздері  сияқты  көне  жазба  ескерткіштер  тілінен
                  әбден  игеріліп  алынған  сөздер  де  бар.  Қос  сөздерге  байланысты  көптеген
                  зерттеулер  бар.  Қазақ  тіл  білімінде  күрделі  сөздерге  алғаш  талдау
                  жасағандардың бірі – профессор Қ. Жұбанов болған. Ол қос сөздерді «Қазақ
                  тілі  жөніндегі  зерттеулерінің»  «сөз  тұлғалары  »  тарауында  «қосар  сөздер»
                  деген терминмен берген. Сонымен қатар К.Аханов, Ә.Керімов, А.Есенғұлов,
                  Н.Сауранбаев, А.Ысқақов сынды ғалымдар азды-көпті еңбек еткен
                  А.Ысқақов  өзінің  «Қазіргі  қазақ  тілі»  атты  еңбегінде  қос  сөздер  туралы
                  былай  дейді:  «Қос  сөздердің  құрамындағы  компоненттер  я  бір  сөздің
                  ешқандай  өзгеріссіз  қайталануынан,  я  оның  бір  сыңарының,  не  бір
                  буынының,  не  бір  дыбысының  өзгеріліп  жамалуынан  құралады  немесе
                  морфологиялық  жағынан  бір  тектес  я  синоним,  я  антоним  сөздерден
                  салаласып құралады» . А.Ысқақов осы еңбегінде қос сөздерді қайталама қос
                  сөздер және қосарлама қос сөздер деп үлкен екі салаға бөліп қарастырады.
                  Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің

                  екі  рет  қайталануы  арқылы,  я  сол  сөздің  не  бір  дыбысының  немесе  бір
                  буынының  өзгеріп қайталануы  арқылы  жасалады. Мысалы:  қора-қора, мая-
                  мая, ап-ашық, қап-қара, өзді-өзіне т.б.
                  Қазақ грамматикасы еңбегінде қайталама қос сөздер туралы былай делінген:
                  «Қайталама қос сөздер де тілге кең тараған, жиі қолданылатын сөздер тобына
                  жатады. Қайталама қос сөз бір сөздің екі рет қайталануы арқылы жасалады.
                  Мысалы: елең-елең, тарс-тарс, бау-бау, қора-қора,келе-келе т.б.».
                  Тілде  қайталама  қос  сөздер  түрлі  құрамда  кездеседі:  1)  түбір  қалпында
                  қосымшасыз  қайталану:  тау-тау,  жол-жол,  құшақ-құшақ,  2)  бір  сыңары
                  қосымшасыз, бір сыңары қосымшалы қайталама қос сөздер: бетпе-бет, кімде-
                  кім; 3) екі сыңары да қосымшалы: қолдан-қолға, үйден-үйге т.б.
                  Біздің  тоқталайын  деп  отырған  мәселеміз  қос  сөздердің  мағыналық
                  ерекшеліктері,  яғни  семантикалық  сипаты.  Қос  сөздердің  барлығының
                  мағынасын ашып беру мүмкін емес.
                  Қосарланудың  білдіретін  мағыналары  алуан  түрлі,  солардың  кейбіреулері
                  мыналар:
                  1)  Жинақтылық  я  жалпылық  мағына:  кәрі-құтаң,  көйлек-көншек,  тау-тас,
                  қыл-қыбыр, жан-жануар, шыбын-шіркей, аяқ-табақ т.б.
                  2) жіктеу, даралау мағынасы: алды-алдына, лек-легімен, қолды-қолына т.б.
                  3) болжалды мағына: бүгін-ертең, кешелі-бүгін, он-он бес т.б.
                  4)амалдың,  іс-әрекеттің  бірнеше  рет  қайталану  мағынасы:  сөйлей-сөйлей,
                  айта-айта т.б.
   1   2   3   4   5   6   7   8