Page 5 - Қос сөздердің құпиясы
P. 5

қазіргі қазақ тіліндегі «алақан» түсінігі орнына жүреді.Сол бір кездерде осы

                  тұлғалас («ыдыс» сияқты) сөз, біздің тілімізде де айтылғанын білдіретін сөз
                  де бар-қазіргі «уыс» сөзі сол «ыдыс» сөзінің өзгере келіп, сақталған
                  жұқанасы.


                         Қос сөздің екінші сыңары болып жүрген «аяқ» сөзінің де тарихы ұқсас.
                  Ертедегі түркі жазба ескерткіштері сөздігінде «айа» тұлғасы қазіргі
                  тіліміздегі «алақан» ұғымын берген. Дәл осы тұлға мен мағынада осы күнгі

                  хакас тілінде сақталған. Осы «айа» түбіріне «қ» жұрнағы жалғана отырып,
                  қазіргі қазақ, қырғыз, хакас, т.б. көптеген түркі тілдерінде қолға ұстап
                  отырып, ас ішуге ыңғайлы ыдыс, атауы- «аяқ» дүниеге келген. Тілімізде

                  «айаның» да алғашқы ұғымы кездеседі. Мысалы, «аялау» дегеніміз «алақанға
                  алу» немесе «алақанға салу» ұғымымен бірдей келеді.


                         Ой жүгірте келгенде, су ішуге де, басқа бір қажетті шағын затты салып
                  жүруге арналған  қуыс жабдығымыз қос алақан десек қателеспейміз. Кейін
                  ондай қызметті қолдан жасалған іші қуыс бұйыдар атқарған кезде алақанның
                  алғашқы атаулары «ыдыс» пен «айа+қ» соларға көшкен. Тілде мұндай тарихи

                  құбылыстар жиі ұшырасады. Сонымен «ыдыс-аяқ» қос сөзінің көне
                  мағынасы «алақанды» қайталау болып шығады.


                  Компоненттері мағынасыз қосарлама сөздер де екі түрлі болады:
                  1) Бір сыңары түсініксіз сөздер
                  2) Қос сыңары түсініксіз сөздер

                  Бір  сыңары  түсініксіз  қосарлама  сөздерге  мыналар  жатады:  айғай-сүрең,
                  айғай-ұйғай,  әуре-сарсаң  т.б.  Хош...  бес  күндік  азық-түлік  дегені  тағы  бар
                  екен-ау..(Ғ.Мүс).  Қос  сөздің  тіліміздің  түсіндірме  сөздігіндегі  мағынасы  –
                  ішіп-жейтін  тамақ  өнімдері.  Алғашқы  сыңары  «тамақ»  мағынасын  береді.
                  «Азық»  сөзін  «астық»  сөзінің  фонетикалық  өзгеріске  түскен  түрі  деп
                  қарауымызға  әбден  болады.  Ал  екінші  сыңары  «түлік»  В.Радлов  сөздігінде
                  төлүк  (шағатай  тілінде)  –  тамақ,  ас,  ал  қырғыз  тілінде:  түлүк  –  ішім-жем
                  заттары  деген  мағынада.  Қорыта  айтқанда,  «түлік»  сөзі,  алғашқы  сыңар
                  «азықтың» түркі тіліндегі синонимі.
                  Әр түрлі әдет-ғұрып пен жөн-жосықтың мағынасын білдіреді. «Бұл жақтың
                  қыз ұзатысы қызық ескі ырым-жырымдары көп (Ғ.Мұстафин «Көз көрген»).


                         Алғашқы-«ырым»сөзінің мағынасы бәрімізге түсінікті. Ал «жырым»
                  ұғымы да одан алшақ жатпағанын мыналар дәлелдейді.Тува тілінде «чурум»-

                  заң;моңғолдарда: «журам»-әдеп ұғымдарын білдіреді. Осыларды ескерсек,
                  «ырым» да ырым, «жырым» да ырым.Демек, бұл қос сөз де өзге тұлғалы
                  сөзбен қайталау болмақ.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10