Page 8 - Қос сөздердің құпиясы
P. 8

Осы деректердегі «жітік» сөзін «жоқ» сөзімен қосарлап қойсақ, «жоқ-

                  жітік» дегеніміз «жоқ-жоғалған» болып шығады.

                  Жөн-жосық. Әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр мағыналары осы қос сөз арқылы
                  беріледі. «Қызы жөн-жосық білетін, жарамды адам көрінеді» (М.Дүйсенов

                  «Мейман»).

                         Қос сөз құрамындағы «жосық» тілімізде жеке қолданып, ырым, салт,

                  жөн, ыңғай сияқты ұғымдарды бере алады.

                         Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде «йосун» дәл қазіргідей ереже,
                  дәстүр мағыналарында қолданылған. Дәл осы мағынада ол қырғыз тілінде-

                  «жосун», туваларда-«езу», башқұрттарда-«йосок» тіркесінде кездеседі.

                         Сөз төркіні моңғол тіліне жақындайды. Оларда «ес» түбірінің өзі ақ

                  әдет, салт,дәстүр мағынасын, ал бурят тіліндегі «йосо» да осындай мағынаны
                  білдіреді. Демек моңғолдың «ес» сөзі қазақ, қырғыз, башқұрт, тува секілді
                  түркі тілідеріне ауысып, дәстүр, салт тәрізді сөздердің мағыналарына ие

                  болған. Осыған орай  «жөн-жосық» қос сөзінің ұғымы «жөн-салт», «жөн-
                  дәстүр»  дегенмен үндес келеді.

                  Жүн-жұрқа. Жүн және оның қалдықтары деген ұғымды береді. «...Жүн-

                  жұрқасы түкке аспай далада қалып жатқан қай қазақ бір үй көтеріп ала
                  алмайды» (Ғ.Мүсірепов).


                  Қазіргі тілімізде дербес қолданылмаса да, якут тілінде «ньырға» сөзі-жан-
                  жануарлар денесіндегі жүннің сиреуі деген ұғым береді. Осыны ескерсек
                  «жүн-жұрқа» дегеннен «жүн-сиреген жүн» мағынасын ұғуға болады. Якут

                  тіліндегі  «нь» біздегі «ж» орнына жүретінін «жалпаю» етістігінің оларда
                  «ньалбай» болып айтылуы дәлел бола алады.


                  Жылап-сықтау. «Ақ жаулықты аналар мен жыртық тымақты шалдар кезек-
                  кезек көрісіп, жылап-сықтап жатыр» (З.Асабаев. «Ар-соты»). Сөйлемдегі
                  «жылап-сықтау» қос сөзінің берер мағынасы «жылауды» білдіреді. «Сықтау»
                  сөзі қазақ, өзбек тілдерінде жеке-дара мағына бере алмайды. Ертедегі түркі

                  жазба ескерткіштерінің мәліметі бойынша, «йығла»  «сығта» сөздері «жылау,
                  еңіреу» мағыналарына ие болған. «Сықта» тіркесі қазіргі кезде ұйғыр, алтай,
                  телеуіт сағай, чулум, шор т.б. түркі тілдерінде жиі айтылып, мағынасы

                  «жылау, еңіреу» қалпында сақталған.
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13