Page 6 - Қос сөздердің құпиясы
P. 6

ІІ.  Негізгі бөлім.


                      1.  Бір сыңары мағынасыз сөздер:

                  Айып-шам. Жомарт:Бәріміз партия мүшесі алдында пікір алысамыз. Оның

                  не айып-шамы бар. (Ғ.Мұстафин.  «Жиырма бес»).Осы сөйлемдегі «айып-
                  шам» сөзінің алғашқысы жекеше қолданыла береді, және мағынасы да
                  белгілі. Ал екінші «шам» сөзі тілімізде кейде өз алдына жеке айтылғанымен

                  тура «айып» сөзі «жәбір,кінә» сияқты мағыналарын бере алмайды.
                  Сондықтан оның сырын басқа түркі тілдеріне көңіл аударғанда ғана ашамыз.
                  Мысалы, қырғыз тіліндегі-«чабы» сөзі дәл біздегі «айып, кінә» сөздерінің
                  орнына жүреді. Осыған сәйкес біздің қос сөздегі «шам» сөзі ертеде «айып»

                  мағынасында қолданылып келсе, қазір ол өз мағынасын жоғалтқан.
                  Қырғыздың «чабы» сөзі біздің «шам» сөзіне ұқсастығы шамалы ғой деген

                  пікір тууы ықтимал. Оған дәлел келтірер болсақ, біздің тіліміздегі
                  «болмайды» сөзі қырғыздарда «болбойт» қалпында айтылады. Осыған
                  қарағанда, қазақ тіліндегі «м» орнына қырғыздарда көбіне «б» әріпі
                  қолданылатынын көріп отырмыз. Сондықтан «шамы» сөзіміз «чабы» болып

                  өзгеріп тұр. Мұны былай қойғанда, Сібірдегі шұлым татарлары тілінде
                  «чам» сөзі де «айып,кінә» орнына айтыла береді. Осыларды жинақтай
                  келгенде, біздегі қос сөздің  соңғы «шам» сыңарының мағынасы «айып, кінә»

                  деген ұғымды білдіреді.

                  Жаман-жәутік. Қос сөздің  бірінші сыңары- «жаман» тілімізде үнемі

                  қолданылады. Сондықтан оның мағынасы-«іске алғысыз,нашар»
                  дегендермен сәйкес келіп жататын әркім біледі. Ал «жәутік» сөзі тілімізде
                  жеке-дара айтылмайды. Әрі мағынасы да белгісіздеу.Ертедегі сөздіктерді
                  қарап отырғанда, «жәутік» сөзінің бұрын ұшырасатыны, жеке мағынасы

                  болғаны анықталды.Өткен ғасырда «жәутік» тіркесі қазақ тілінде
                  «ескі,мүжілген асық» мағынасында қолданылыпты. Бірақ бүгінгі күндері
                  ұмытылып, тек қос сөз құрамында сақталған. Сонда «жаман-жәутіктің»

                  мағынасы «жаман-ескі,мүжілген» ұғымын білдіретінін көреміз.

                  Жамап-жасқау. Бұл қос сөздің мағынасы-тозығы жеткен затты жамау салып

                  тігіп бүтіндеу. «... балалардың ескі-құсқысын жамап-жасқанды»
                  (Л.Ғалымжанова. Аяулы жан»).


                         «Жамаудың» не екенін әркім біледі. Ал «жасқау» сөзінің қайдан
                  келгені, қандай мағына беретіні белгісіз. Осы сөзді талдап, төркінін
                  іздестірушінің бірі, оны қалмақ тіліндегі «ясх» сөзіне апарып телиді. Бірақ
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11