Page 7 - Қос сөздердің құпиясы
P. 7

бұл тілде не «жамау», не «тігу» мағынасын берерліктей «жасқаумен»

                  дыбыстас ұқсас сөзді кездестіре алмадық.

                  Біздің байқауымызша, «жасқау» якут тілінде «тігу, тігіс» мағыналарын
                  беретін «иистэн, иис»  сөздерімен төркіндес болса керек. Сөз түбірі «иис»

                  бізде өзгере келіп, «жас» қалпына түскен, одан әрі тиісті жұрнақтары арқылы
                  (жас+қа+у) қос сөз құрамындағы «жасқау» қалпына дейін жеткен. Олай
                  болса, «жамап-жасқау»-«жамап тігу» дегеннің баламасы дей аламыз.


                  Жолдас-жора. Түсіндерме сөздігімізде бұл қос сөз мағынасы салт, әдет,
                  дәстүр бойынша берілетін ырым, кәде деп берілген. «... Тойдың жол-
                  жорасында алған буыншақ-түйіншектеріміз қолтығымызда бүгжеңдей басып

                  асығып келеміз» (С.Байжанов. «Сыр»).

                         Бұл қос сөздегі «жораның» осының алдында ғана айтылған «жорадан»

                  мәні де, жөні де бөлек. Мұны біз әрісі моңғол, берісі түркі тілдеріне тән сөз
                  деп қараймыз.Сол тілдердегі деректер осының дәлелі болмақ. Мысалы,
                  моңғол тілінде-«журам» сөзі қазақ тіліндегі «ереже,тәртіп» сөздері орнына

                  қолданылса, тува тіліндегі «чурум» тіркесі де дәл осындай мағыналарды
                  береді.


                  Бір ескерте кететін нәрсе-біздегі «жол» сыңары да осы алуандас келеді.
                  Солардың бірі-әдет, ереже,нұсқау тіркестерімен үндесіп жатыр.

                  Жол-жөнекей. Жол бойы, жолшыбай, жол үсті мағынасын беретін бұл қос

                  сөздің екінші бөлігі –«жөнекей» біздің тілімізде оңаша тұрып қолданыла
                  қоймайды. «Жол-жөнекей талай сыр ақтарылып, көп әңгіме айтылды»
                  (Ә.Нұршайықов. «Батыр»).


                  Түркі тілдерінің кейбірінде «жөнекей» сияқты сөздердің өз алдына жеке
                  қолданылып , мағынаға ие болатындары бар. Мысалы, қырғыз тіліндегі
                  «жөнекей» сөзі бірде-«мақсатсыз,себепсіз» деген мағынаны білдіреді. Әрине

                  бұл біздің қос сөздегі «жөнекейдің» ауыспалы мағынасы. Өйткені оның жол
                  үсті, жол бойы ұғымдарынан туындағанын сезіп, білу қиын емес.


                         Ал, чуваш тілінде «йунейле» сөзі жолшыбай, жөнекей дегенді
                  білдіреді. Міне, бұл «жол-жөнекей» қос сөзінің мағынасымен өте сәйкес
                  келіп тұр. Және «йунейленің»  «жөнекейден» дыбыстық естілуі де онша

                  алшақ емес.Осы деректі еске алып, «жол-жөнекей» қос сөзін қайта құрар
                  болсақ,  «жол-жол бойы»  болып шығады мағынасы да жөнді өзгермейді.
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12