Page 13 - Қос сөздердің құпиясы
P. 13

«Пысу» етістігінің мағынасы ертеректе қазақ тілінде өзгешелеу

                  болғанын жақын туыс тілдер дерегі дәлелдейді. Қырғыз тілінде-пыс,
                  ноғайларда-пысув(пыс) сөздері қазақ тіліндегі жасырыну, тығылу, көзден
                  таса болу мағыналарында қолданылады. Ал якуттарда «жасыру, тығу»
                  ұғымдарын «қистээ» сөзі атқарады. Мұнда қырғыз, ноғай тілдеріндегі «п»

                  дыбысы орнына «қ» айтылып тұр. Әрине бұл түркі  тілдеріне тән
                  заңдылықтардан туған құбылыс. Сөздің алғашқы мағынасы жасырыну,
                  тығылу екендігін көне түркі жазба ескерткіштері сөздігіндегі осы ұғымдарды

                  беретін сөздің «пус» болып айтылуы да растайды. Осы деректерге қарағанда-
                  «қашып-пысудың» мағынасы «қашып-тығылу» болып шығады.


                  Асығып-үсігіп.  «Кетсек екен осы арадан тезірек,- деп, өзі де асығып-үсігіп
                  киініп жатыр»  (Ө.Қанахин «Ауыр күнә».) Сөйлемдегі қос сөзден бізге
                  мағынасы түсініксіз-«үсігіп» сөзі. «Асығып» сөзінің мағынасын бәріміз де
                  білеміз.


                         Түркі тілдеріне жататын сағайлардың сөздік қорына үңілсек, «үсігу»
                  етістігінің де мағынасын табамыз. Оларда «үстүк» қалпында айтылатын сөз

                  қазақ тіліндегі «асығудың» тура ұғымын береді.

                  Емін-еркін. Түсіндірме сөздікте бұл қос сөздің мағынасына бір-екі анықтама

                  берілген. Оның алғашқысы- «керегінше, мейлінше, қалауынша», «екіншісі-
                  «ешбір қағажу көрмей, бетімен, бос, қиналмай» деп түсіндіріген. Мысалы:
                  «Ыдырыс келіп столдың бір шетіне емін-еркін жантайды»  (С. Шарипов.

                  Шығ.).

                         «Емін-еркін» қос сөзінің мағынасын толық келтіріп отыруымыздың
                  өзіндік сыры бар. Оның тарихы мен құпиясының жұмбағы мол.


                         Қазақ тілінде «емін» де, «еркін» де жеке қолданыла береді. «Еркін»
                  туралы айтпай-ақ қояйық. Бірақ мына қос сөздегі «еміннің» тілімізде дербес

                  қолданыла беретін «емінге» мағына жағынан ешқандай қатысы жоқ. Бір
                  қызығы, біздің тіліміздегі осы қос сөз қырғыз тілінде «эмин-эркин» болып
                  айтылып, дәл біздегідей мағына береді.


                         Ең алдымен бізге қос сөздің алғашқы сыңары «еміннің»  мағынасы мен
                  төркінін табу аса қажет. Іздестіре келгенде тува тілінен «эмин эрттир»
                  тұрақты сөз тіркесі кездесті, ол «өте, аса, тым» мағынасын білдіреді екен.

                  Демек, екі сөздің тіркесі біздің тіліміздегі қос сөздің біреуінің орнына
                  қолданылып жүр. Осы дерек бойынша, «емін-еркін» мағынасын «өте еркін»
                  немесе «тым еркін» деп түсінуге болады. БІрақ бұл жорамалымыз бірнеше
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18