Page 15 - Қос сөздердің құпиясы
P. 15

өзгерген өзімізге таныс сөздер. Бұлардың алғашқы түбірлері «алу,жұлу»

                  етістіктері. Ерте кезде қолданылса да, қазір өлі жұрнаққа айналған
                  қосымшасы сақталып келген. Оның кейбір түркі сөздерімен бірге өзіміздің
                  тіліміздегі тіркестер де дәлелдей алады. Мысалы, якут тілінде «жыртылған»
                  деген мағынаны «алдьаммыт» сөзі білдіреді. Сөз жоқ мұның түбірі «ал» сөзі.

                  Өте ерте заманда біздің тілімізде де «жырт» ұғымы «ал» түбірлі сөзбен
                  айтылғанына мына қос сөздегі «алба» мағынасы куә болғандай. Түбір сөзбен
                  қосақталып айтылатын жұрнақтың өзгеріп отыратынына «алба-жұлба»

                  тілімізде «алым-жұлым» болып айтылуы да дәлел болса керек. Бұл екі қос
                  сөздің мағынасы жағынан тіпті де айырмашылығы жоқ. «Алба-жұлба»
                  немесе «алым-жұлым» қазіргі тілімізге сәйкестендіріп, түсініктілеу айтар

                  болсақ «жыртылған-жұлынған» болады да шығады.

                  Жауын-шашын. Жаңбыр, қар сияқты ауа райының құбылыстары осылай
                  атала береді.  «Көп жылдың күзінде кездесетін ол араның жауын-шашыны

                  биыл жоқ.(С. Мұқанов. «Таңл. шығ.)

                         Жаңбыр болсын, қар болсын-жалпы алғанда «жауын» болып,

                  айтылады. Сондықтан мына қос сөздегі мағынасы мен шыққан тегі белгісіз
                  болып отырғаны- «шашын» сөзі қазақтарда қос сөз құрамында ғана
                  кездескенімен тува сияқты түркі тілінде: «чаъс» -«жаңбыр» мағынасында

                  айтылуымен ғана тынбай, кейінгі «чааскын» тіркесі қар, жаңбыр, шық, ылғал
                  сияқтылардың бәріне де қолданылады. Қырғыз, өзбек, ұйғыр тілдерінде де
                  «шашын» тіркесі жеке қолданылмай, дәл біздегідей қос сөз құрамында ғана

                  кездеседі.

                  Құл-құтан. Мағынасы-малшы, жалшы, кедей, жарлы.


                                «...Кешегі есіктегі құл-құтандар,

                                Бас жейді төрде отырып енді бүгін»


                                                     (Б. Майлин. Шығ.).

                         Қазақтарға сөздің «құл» бөлігі түсінікті және ол кез келген сөзбен

                  тіркесіп келе береді. Ал «құтан» сөзінің жеке мағынаға ие болғанын немесе
                  өз алдына дербес қолданылғанын көрген емеспіз. «Құл» тіркесі ажырасса
                  болды-ақ, ешкім түсінбейтін сөз болып шығады.


                         Алайда, зерттей келгенде, өз алдына мағына беретініне көзіміз жетті.
                  Араб тіліндегі: «кутун»-құл, малай мағыналарын білдіреді. Дәлірек айтқанда
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20