Page 18 - Қос сөздердің құпиясы
P. 18
«сау» сөзімен қосарлап айтсақ мағынасы мәнсіз, түсініксіз бірдеңе боп шығар
еді.
Тағы бір тіл дерегіне үңілейік. Якут тілінде: «тамты» сөзі-біржолата,
түгелімен, бүтіндей-тәрізді мағыналарды меншіктенген. Түгелдей, бүтіндей
сөздерінің «қалмау» етістігімен тіркестіріп, салыстырып, қарасақ, «ештеңе
қалмау», «еш нәрсе қалмау» леген ұғымдарын береді. Міне, осындағы еш
нәрсе, ештеңе сөздерін қос құрамындағы «тамтық» сөзінің орнына қойсақ,
«сау ештеңесі қалмау» қалпында көрініп, түсінікке жеңіл болады. Енді
«саудың» орнына жоғарыда көрсетілген «бүтін» баламасын қолдансақ, «сау-
тамтығы қалмау» тіркесі «бүтін еш нәрсесі қалмау» мағынасын береді.
Салдыр-салақ. Қос сөздің соңғы сыңары-«салақтың» мағынасы баршамызға
мәлім. Демек бұл іске немқұрайды қарайтын, орашолақ, ұқыпсыз, адам
туралы айтылған. Мысалы: «Ана тіліміздің барша әуезін, әрін, нәзік
мінездерін жете білмей, салдыр-салақ сөйлеуді айтып отырмыз. (І. Омаров.
«Серпін»).
Қазіргі тілімізде салдыр сөзі жеке тұрып, «салақ» тіркесі беретін ұғым
орнына жұмсалмайды. Кейбір түркі тілінде, дәлірек айтқанда, якут тілінде:
«джалыр» тұлғасы қазақ тіліндегі қазақ тіліндегі «салақ» мағынасын береді.
Сылардың қай-қайсысының да түбірі бір буын-«сал» мен «джал». Әр тілдің
өзіне тән жұрнақ қосылуы арқылы ғана (қазақта «ақ», якутта «ыр») сыртқы
тұлғалары өзгеше болып келеді. Бұл ойымызды моңғолдардағы «салан»,
қалмақ тіліндегі «салң» сөздері дәлелдейді. Осылардың мағынасы біздегі
«салақ» сөзімен бірдей. Демек, «сал» түбірі түркі моңғол тілдеріне ортақ.
«Салдыр салақ» дегеніміз, қазіргі тұрғыдан алғанда, «салақ» сөзінің
қайталап айтылуы болмақ.
Айла-шарғы. Мұндағы «айла» сөзінің мәнін түсіну қиын емес. Оның орнына
тілімізде «амал, «әдіс», «тәсіл» тәрізді мағыналары ұқсас сөздер қолданыла
береді. Ал «шарғы»-қазақ тілінде бірде «бойы шарғы» деген тіркесте
кездесіп, адам бойының аласа тапалдығын білдірсе, енді бірде жеке айтылып
«заң» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан ағына жағынан оның мына қос
сөздегі «шарғымен» байланысы жоқ.
Қырғыздарда «шарғыт» сөзі біздегі «жалтару, қашқақтау, алдаусырату»
сияқты мағыналарымен сәйкес келеді. Бұған сүйенсек, ертеректе «шарғы»
сөзі біздеде жиі қолданылып, кейін келе ұмытылып, тек қос сөз құрамында
сақталған секілді.